Қазақстан-U19 құрамасы 11 қазанға дейін Болгарияның Сливен қаласында кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Әуелі Талғардағы еліміздің құрама командаларына арналған базада жиналып, бүгін батысты бетке алып, ұшып кетіпті.
Аталаған оқу-жаттығу жиыны аясында Александр Кузнецов жаттықтыратын Қазақстан-U19 құрамасы үш жолдастық кездесу өткізеді екен. Жасөспірімдер құрамасы сапында аздаған өзгерістер бар, бірақ команданың негізі сақталған. Енді Болгарияға кеткен жас футболшыларымыздың тізімімен таныс болыңыздар:
қақпашылар – Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Данил Устименко («Қайрат»), Владислав Сазонов («Ертіс»);
қорғаушылар – Дінмұхаммед Қашкен, Талғат Құсяпов, Совет Сағи (бәрі де – «Астана»), Ерасыл Аманжол («Атырау»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Санжар Батырханов («Жетісу»), Әліби Тұзақбаев («Рузаевка»);
жартылай қорғаушылар – Мәди Жақыпбаев, Сұлтан Сағынаев, Жасұлан Қайыркенов, Руслан Маханов (бәрі де – «Астана»), Айдос Орал, Жан-Әлі Пайруз (екеуі де – «Шахтер»), Мұхит Жақсылық, Максим Ваганов (екеуі де – «Ордабасы»), Дарын Сүйінов («Қайрат»), Гаврил Кан («Тараз»);
шабуылшылар – Рамазан Кәрімов, Лев Скворцов (екеуі де – «Астана»), Сұлтанбек Астанов («Қайрат»).
Жаттықтырушылар құрамы:
Александр Кузнецов – аға жаттықтырушы,
Игорь Маштаков – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Ерлан Тілеуқұлов – қақпашылар жаттықтырушысы.