«Астана» футбол клубы биылғы маусымдағы алғашқы кездесуін Латвияның «Рига» клубымен өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жеткен. Бұл матч Біріккен Араб Әмірлігі елінде өтіп, голдарды команда сапына маусым аралығында қосылған Аздрен Лулаку мен Роман Мұртазаев соққан.
Африка кубогында гол соғып, төрткіл дүниені қайран қалдырып жүрген Джуниор Кабананганы жоқтатпайтын шабуылшылары бар сияқты. Өздеріңіз білесіздер, ел чемпионы былтыр Қазақстан премьер-лигасында орта есеппен әр ойында бір жарым голды әзер соғып жүрді.
Сөз жоқ, «Астананың» шабуыл өтіндегі жаңа ойыншылары бірінші жолдастық кездесуде сенімді ақтап шықты. Елорда клубы келесі кездесуін 31 қаңтар күні Азия Чемпиондары лигасының өткен жылғы жеңімпазы «Чонбук Хендай» командасымен өткізеді. Көреміз, қызық әлі алда...
"Астана" алаңға мына құрамда шығыпты: Мокин, Шомко, Постников, Логвиненко, Бейсебеков, Наджарян, Мұжықов, Нұрғалиев, Жалмұқан, Мұртазаев, Деспотович.
Оларды алмастырғандар: Эрич, Дүйсен, Шайыхов, Аничич, Қашкен, Шитов, Твумаси, Жүнісов, Маевский, Жақыпбаев, Сағынаев, Лулаку, Прокопенко.