Вернуться к списку статей

"Астана-Арена" УЕФА суперкубогы мен Чемпиондар лигасының финалынан айрылды

Футбол
1K
УЕФА 2019 жылғы Суперкубок пен әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының финалдық ойындары өтетін стадиондарды бекітті. Үміткерлер арасында «Астана-Арена» да болған. Алайда, біздің стадион бәсекелестеріне төтеп бере алмады.

2019 жылғы УЕФА суперкубогы Түркияның Стамбул қаласында «Бешикташтың» «Водафон Аренасында» өтеді. 2016 жылы ашылған бұл стадионның сиымдылығы 41 903 көрермен.

Негізі, УЕФА суперкубогын өткізуге «Водафон Аренамен» қатар Албанияның Ұлттық стадионы (Тирана), Израильдің «Самми Офер» (Хайфа), «Польшаның «Арена Гданьск» (Гданьск), Солтүстік Ирландияның «Уиндзор Парк» (Белфаст), Францияның «Стадьом-де-Тулуз» (Тулуза) және Қазақстанның «Астана-Арена» стадионы үміткер болған. Бірақ, УЕФА басшыларының таңдауы Стамбулға түсті.


Сондай-ақ, «Астана-Арена» әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 2019 жылғы финалынан да айрылып қалды. Бұл матч Венгрия астанасы Будапештің» «Гроупама Арена» стадионында өтетін болды.

Жалпы, «Астана-Арена» Чемпиондар лигасының финалын қабылдау тұрғысында «Гроупама Аренаның» жалғыз бәсекелесі болған. Алайда, УЕФА таңдауы 2014 жылы салынып, сиымдылығы 23 700 адамды құрайтын Венгрияның стадионын таңдады.

Ал келесі жылғы Чемпиондар лигасының финалы Испания астанасы Мадридтің «Ванда Метрополитано» стадионында өтсе, Еуропа лигасының шешуші ойынын Әзірбайжан астанасы Бакудің «Олимпиадалық» аренасы қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 20-сы күні Швейцарияның Женева қаласында УЕФА-ның Кезектен тыс 13-ші конгресі өтіп, оған Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілдә Байшақов пен бас-хатшысы Қаныш Әубәкіров қатысты. 

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика