Вернуться к списку статей

Бірінші лига."Жетісудың" Премьер-лигаға шығуына жақын қалды

Футбол
1K
Бірінші лига.
Сенбі күні футболдан Қазақстан Бірінші лигасының 8-ші тур ойындары өтті. «Байқоңырдың» өз алаңында «Мақтааралмен» тең түсіп қалғаны болмаса, бұл турдан фавориттердің барлығы үш ұпай алды.

Турнир кестесінің көшбасшысы «Жетісу» өз алаңында Ақтаудың «Каспиін» қабылдап, 1:0 есебімен тең түсті. Талдықорғандықтардың бұл кездесуде бір-ақ гол соққандары болмаса, ойын тізгіні толығымен Дмитрий Огай шәкірттерінің қолында болды. Егер шабуыл шебіндегі барлық мүмкіндіктерін голға айналдырғанда ойын әлдеқайда ірі есеппен аяқталар еді. Ал матчтағы жалғыз голдың авторы – Вячеслав Сердюков. Сабырхан Ыбыраевтың сол қапталдан асырған пасын жерге түсірместен қақпаға қақырата тепкен шабуылшы «Жетісуға» кезекті үш ұпайды алып берді.

Әр таймда бір-бір голдан соққан «Қызыл-Жар» да кезекті үш ұпайын қоржынға салды. Владимир Фомичев шәкірттері Теміртаудың «Шахтер-Болатын» қабылдаған болатын. Бірінші таймда қызылордалық Олжас Алтаев есеп ашса, үзілістен кейін Елдар Аитов кездесуді қорытындылап, таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді.

«Қайрат» академиясы да қарсыласын екі гол айырмашылығымен жеңді. Максим Котов дубль авторы атанса, негізгі командадан келген Бауыржан Тұрысбек бір рет тура соққысымен көзге түсті. «Қыран» сапынан жалғыз голды бірінші таймның аяқталуына үш минут қалғанда Асқар Әбутов соқты.

Фавориттерден ұпай жоғалтқаны «Байқоңыр» ғана. Ерлан Шойтымов шәкірттері Қызылордада турнир кестесіндегі көршілері «Мақтааралды» қабылдаған. Абылайхан Төлегенов 30-шы минутта есеп ашқанымен кездесудің аяқталуына 10 минут қалғанда жетісайлықтар таразы басын теңестіріп кетті. Бұдан кейін алаң иелері жеңісті жұлып алуға қанша тырысқанымен доп қақпаға бармай қойды. Ал 88-ші минутта Шоқан Абзалов алаңнан қуылып, жеңіс голын соғуға деген үміттері біржола сөнді.

Бірінші лига, 20-тур.

«Жетісу» (Талдықорған) – «Каспий» (Ақтау) 1:0 (1:0)

Гол: Сердюков 14 (1:0) 

«Қызыл-Жар СК» – «Шахтер-Болат» (Теміртау) 2:0 (1:0)

Голдар: Алтаев 33 (1:0), Аитов 69 (2:0)

«Қайрат А» (Алматы) – «Қыран» (Шымкент) 3:1 (2:1)

Голдар: Котов 9 (1:0), Тұрысбек 21 (2:0), Әбутов 42 (2:1), Котов 79 (3:1)

«Байқоңыр» (Қызылорда) – «Мақтаарал» (Жетісай) 1:1 (1:0)

Голдар: А. Төлегенов 30 (1:0), Власичев 81 (1:1)

Қызыл қағаз: Абзалов 88 (Б).

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика