Вернуться к списку статей

Қазақстан-U17 құрамасы дайындықты Армениямен пысықтайды

Футбол
1K
17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz
17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасына Армения жеткіншектерімен жолдастық кездесу өткізеді.

Футболдан ҚР Президенті кубогы қарсаңында жаттығу жиынын өткізетін Қазақстан-U17 құрамасы дайындықтарын пысықтап көру үшін екі мәрте жолдастық кездесу өткізеді. Атап айтқанда, 25 және 27 тамыз күндері Талғардағы ұлттық құраманың базасында Армения жеткіншектерімен кездеседі.

Осыған орай, Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты аталған оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады:

қақпашылар – Дулат Батырханов («Қайрат»), Сергей Кляхин («Оңтүстік»), Евгений Ситдиков («Ақтөбе»);

қорғаушылар – Данияр Үсенов («Каспий»), Жалғас Жақсылықов («Оңтүстік»), Әділжан Дүйсембаев («Астана»), Нұрсейіт Асылбек («Оңтүстік»);

жартылай қорғаушылар – Хамит Шәміл («Оңтүстік»), Дархан Меделхан («Қайрат»), Бекзат Иманғазиев («Оңтүстік»), Шадман Бәкіров («Қайрат»), Әлішер Әжімов («Ақтөбе»), Руслан Жарлаев («Қайрат»), Жавлонбек Бабаназаров («Оңтүстік»), Илья Дёмин («Қайрат»), Фёдор Неумывакин («Қайрат»), Дмитрий Савченко («Қызыл-Жар СК»), Станислав Басманов («Астана»);

шабуылшылар – Ұлықбек Қайтмұратов («Қайрат»), Даниял Закария («Оңтүстік»), Мұхамед Алияр («Оңтүстік»), Владислав  Швырев («Қайрат»).

Қосалқы тізім:

қорғаушы – Бекдәулет Жылқайдар   «Оңтүстік»);

жартылай қорғаушылар – Алтынбек Нағашыбаев («Ақтөбе»), Арсен Буранчиев («Қайрат»);

шабуылшы – Абылайхан Жұмабек («Оңтүстік»).

Жаттықтырушылар құрамы:

Игорь Свечников – аға жаттықтырушы,
Ерлан Махамбедиев – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Иван Азовский – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Николай Родионов – қақпашылар жаттықтырушысы.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика