Вернуться к списку статей

Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны – Абзал Бейсебеков

Футбол
4K
Абзал Бейсебеков
«Астана» футбол клубының қорғаушысы Абзал Бейсебеков ММА тарланы Қуат Хамитовке жауап берді.

Кеше «Астана» түзде «Селтиктен» 0:5 есебімен күйрей ұтылғанда, ойын аяқталысымен Қуат Хамитов Instagram желісіндегі жеке парақшасына өз пікірін жазған.

Ол Қазақстанда футболға тыйым салу керектігін, оған жұмсалатын ақшаның бәрін боксшыларға, балуандарға, жүрегінде түгі бар жекпе-жек өнері тарландарына берген дұрыс деп ойлайтындығын білдірген. 90 минут бойы сенделіп, миллиондаған сомада жалақы алатындарға қаржы төккенше, шалғайдағы ауылдарға спортзалдар салу керек екендігін де тілге тиек еткен.

«Бұл жетесіздер әлем чемпиондарынан да көп жалақы алады, әрі өздерін порно жұлдыздардай көрсетеді. Спортшы (футболшы) тоқ болса, ол ешқандай нәтиже көрсетпейді. Чемпион болу үшін аш адам секілді өмір сүруің керек. Сонда ғана жеңіске жету үшін аянбай, тырысатын боласың», – деп жазған.

Оған кеше түнде Абзал Бейсебеков жауап беріпті. Ол Instagram желісіндегі жеке парақшасына Stories ретінде Ахмет Байтұрсыновтың «Көк есектерге» деген өлеңіндегі соңғы шумақты жазған болатын:

Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны.






Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика