Вернуться к списку статей

Уақыт белдеуі «Астанаға» тиімді ме?

Футбол
1K
Еуропамен арадағы уақыт белдеуі «Астана» футбол клубына тиімді сияқты. Біздің спортшылар Батысқа барғанда аса қиналмайтын көрінеді...

Жақында жеңіл атлетикадан Лондондағы әлем чемпионатына барудың сәті түсті. Сонда "Спорт падишасы" өкілдерінен білгеніміз, біздің спортшыларға Еуропаға барғанда жерсіну мәселесі соншалықты әсер етпейтін көрінеді. Ал Шығысқа сапар шексе – керісінше...

Еуопаға келгенде аса қиналмаймыз. Тез жерсініп, бірден бейімделіп кетеміз. Бес сағат айырмашылығы білінбей қалады. Ал Шығысқа барғанда – керісінше. Жерсініп кету үшін біраз уақыт қажет болады, – дейді Азияның және Азия ойындарының чемпионы Ольга Сафронова.

Оны басқа жеңілатлеттеріміз де қостай жөнелді. Кейбіреулерінің көзінен тіпті «соны да білмейсіз бе?» деген таңданыс табы байқалды. Есесіне, елге қайта келгенде, көптеген жерлестеріміздің көздері қызарып, ұйқылары қанбай жүргендерін байқаймыз...

Яғни уақыт белдеуі Еуропаға барғанда соншалықты әсер етпейді де, ал Қазақстанға келгенде бейімделіп кету үшін біраз уақыт қажет болады. Сонда «Астана» Еуропаға барғанда, оларға да жерсіну мәселесі көп қиындық туғызбайтын секілді. Ал Батыс клубтары бізге келгенде, оларға бес сағат айырмасына бейімделу және икемделу тым оңайға түспесе керек...

Мұны енді, елге оралған соң, «Астана» клубының бас бапкері мен футболшыларынан сұрап білмекпіз...

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика