Вернуться к списку статей

Никитенко жастарды Талғарда тексеріп алады

Футбол
2K
Жастар құрамасы Талғарға жиналды. Фото: kff.kz
Қазақстан жастар құрамасы Владимир Никитенконың жетекшілігімен Талғардағы ұлттық құрама базасында алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастайды, – деп хабарлайды отандық футбол федерациясының ресми сайты.

Владимир Никитенко Қазақстан жастар құрамасына аға жаттықтырушы болып жақында ғана тағайындалған. Енді жастарымыздың басын қосып, дәл қазіргі кездегі деңгейлері мен спорттық баптарын бағамдап алайын деген сияқты.

Алғашқы оқу жаттығу жиыны бүгін басталған, 2 ақпанға дейін созылады екен. Енді еліміздің жастар арасындағы құрамасының осы жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімімен таныс болыңыздар:

қақпашылар Сұлтан Басұрманов ("Тобыл"), Дмитрий Колбунцов ("Алтай");

қорғаушылар Әмір Қалабаев ("Астана"), Әділет Кеңесбек ("Тараз"), Арман Әліпбек ("Ордабасы"), Сұлтан Әбілғазы ("Оқжетпес"), Бекзат Шадманов ("Тараз"), Карам Сұлтанов ("Қызылжар"), Александр Соколенко ("Қызылжар"), Александр Жуков ("Тобыл");

жартылай қорғаушылар Самат Шәмші ("Ордабасы"), Қуаныш Қалмұратов ("Атырау"), Әділет Әбденәби ("Тараз"), Шейхислам Құлахметов ("Алтай"), Дәулет Зайнетдинов ("Астана"), Бекзат Қабылан ("Каспий"), Наурызбек Жагоров ("Атырау"), Рамиз Мұқанов ("Тобыл"), Жаһангир Ходжанов ("Қыран");

шабуылшылар Темірлан Әлмұрзаев ("Тобыл"), Максим Федин ("Оқжетпес"), Владислав Васильев ("Шахтер"), Вячеслав Путинцев ("Шахтер").

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика