«Ордабасы» футбол клубы Колумбияның жартылай қорғаушысы Рохер Каньяспен келісімшартқа отырыпты. Бірақ еңбек келісімінің мерзімі көрсетілмеген. Алайда Шымкент клубы сапына ресми түрде тіркелген. Ертең «Ақжайықпен» болатын ойында алаңға шыға алады екен.
Жалпы, Рохер Каньяс Қазақстан 2012 жылдан бері ойнап жүр. Әуелі Қарағандының «Шахтерінің», одан кейін «Астананың» сапында доп тепті. Қазақстан премьер-лигасында 142 матч өткізіп, 19 гол соққан. Төрт рет біздің елдің чемпионы атанды. Ел кубогы мен суперкубогының да жеңімпазы атанды. Енді, «Ордабасы» клубын алға сүйремекші...