ХІV турда «Қайратқа» дес бермей, жоқ жерден пенальти беріп, жаза басқан төрешінің кесірінен 1:2 есебімен ұтылып қалған «Қайсардың» содан кейін жолы болмай жүрді. Содан бері бес тур өтті, Қызылорда клубы бірде-бір гол соққан жоқ. Екі рет тең түсіп, үш рет ұтылды. Бүгін «Қайсар» үшін ақ түйенің қарны жарылып, гол соқты-ау әйтеуір...
Бірақ екеуін де – стандарт жағдайдан кейін. Біріншісін бұрыштама соққысынан соң, ал екіншісін мүлде менальтиден енгізді. Десек те, голдың аты – гол, жеңістің аты – жеңіс. Бүгін тіпті облыс әкімі де футболшыларын осы маңызды жеңістерімен құттықтапты.
«Қайсар» бүгін гол да соғып, жеңіске де жетіп, қуанышқа бөленсе, «Атырау» үшінші рет қатарынан жеңіліске ұшарады. Жалпы, атыраулықтардың ХV турдан бері жолдары болмай жүр. Содан бері бес рет ұтылып, бір-ақ рет жеңіске жетті. Әрі осы алты ойында үш-ақ гол соқты...
«Қайсар» – «Атырау» – 2:0 (1:0)
Голдар: Граф, 33. Курьор, 90+3-пенальтиден.
Ескертулер: Аржанов, 51. Тәжімбетов, 58. Сикимич, 78. Мәжитов, 89.
«Қайсар»: Григоренко, Әмірсейітов, Граф, Ламанж, Евстигнеев, Коробкин, Камара, Курьор, Байжанов (к) (Сақалбаев, 85), Аржанов (Джа Джедже, 73), Жаңғылышбай (Алтынбеков, 88).
Қосалқы құрам: Исламқұлов, Бойович, Мулдаров, Нарзілдаев, Чуреев.
«Атырау»: Пасеченко, Қалмұратов, Сапаров (Мәжитов, 7), Обшивач, Аблитаров, Сергиенко (Сүлей, 69), Джокич, Максимович, Хайруллин (к) (Сикимич, 67), Двалишвили, Тәжімбетов.
Қосалқы құрам: Нарзикулов, Нұрыбеков, Қайыраллиев, Коробов, Маров, Чичулин.
Төрешілер: Кучин (Қарағанды), Шабанов (Алматы), Бельский (Тараз).
15 шілде. Қызылорда, Ғ.Мұратбаев атындағы стадион (қосалқы алаң). 1300 көрермен.