Вернуться к списку статей

Биылғы жыл “Жетісуға” ертегі ме, жайғасты Бірінші лиганың кең төріне

Футбол
1K
Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында екінші айналымның ойындары басталып, өткен демалыс күндері ХІ турдың ойындары өтті.

Биыл Бірінші лигаға Талдықорғанның «Жетісуы» үстемдік құрып отыр. Алматы облысының командасы әлі ұтылып көрген жоқ. Екінші турда Қызылордада тек қазақ футболшыларынан жасақталған «Байқоңыр» командасымен тең түсті (1:1). Қалған ойындарда үй демей, түз демей, қарсыластарын оңды-солды ұтып жүр.

Әрі 10 ойында 26 гол соғып, өз қақпасына екі-ақ доп жіберіп алды. Біреуін Қызылордада Ерболат Рүстемов, ал екіншісін Екібастұзда Қуаныш Бегалин соқты. Бірінші лигадағы қалған командалар мен футболшылар «Жетісудың» қақпасына гол соға алар емес.

Иә, «Жетісу» футбол клубының премьер-лигаға қайта оралатындығына енді күмән келтіре алмаймыз, десек те болады. Екінші жолдамадан «Қызыл-Жар» үмітті. Маусымды жоғары қарқында бастай алмағандарымен, тур өткен сайын Петропавл футболшылары жоғары өрлеп, екінші орынға жайғасты.

Үшінші орында әзірше, премьер-лигаға шығуға құқы жоқ «Қайрат А» ұжымы тұр. Ал кіл мықтылар қатарына көтерілуге талпынатындай жөні бар команда көш соңында жүр. Ол – «Каспий» (Ақтау). Бірақ бұл команда бірінші айналым аяқталысымен бас бапкерін қызметінен босатты.

Атап айтқанда, Алматыда «Қайрат А» командасынан 4:1 есебімен оңбай ұтылып қалған соң, Ақтау клубының бас бапкері Асқар Күшікбаев отставкаға кетті. Ал «Каспийді» әзірше Нұрбол Қошқарбаев жаттықтырып жүр. Жаңа бапкер әлі тағайындалған жоқ.


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика