Қазақша Тимур Сегізбаев ағамыз туралы да өлең болмаған...
Бүгінгі таңда қазақ тілінде футбол тақырыбында жазылған өлеңдер соншалықты көп емес. Ал, жалпы спорт тақырыбындағы поэмалар жоқтың қасы. Шындығы осы... Оны мойындауымыз керек.
Жасырып қайтейік, осыдан төрт жылдай уақыт бұрын, Қазақ футболының 100 жылдығына орай Тимур Сегізбаев ағамыз туралы қазақ тілінде шығарылған бір ауыз тақпақ таппадық. Ал орыс тілінде бар... Ұят-ай...
Содан өлең шығаа білетін достарыма хабарластым. Осыдан бірер күн бұрын ғана іргелі «Егемен Қазақстан» газетінің Спорт бөлімі басшысы болып бекітілген Қайрат Абдолла сөзге келмей екі шумақ шығарып берген:
Тимурсыз «Қайрат» шіркін оза алдың ба?
Бұл шындық – түсе алмайтын сөз алдына.
Қазағым футбол десе, «Қайрат» десе,
Қасқайып сен тұрасың көз алдымда!
Дауыл ең, дода десе ойнақ салған,
Алаңда басқан ізің сайрап қалған.
«Қайраттың» найзасының ұшы едің,
Намысы ең қазағымның қайрап салған!
«Астана» ана тілімізді беделін көтеріп отыр
«Астана» футбол клубы қазақ тілін спорттық салада насихаттау мақсатында арнайы байқау жариялайды. 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында «Астана» футбол клубының жеңістері мен ойыншылары, бапкерлер құрамы туралы өлең немесе поэма жазып жіберулеріңізге болады.
Жүлде ретінде қысқы маусымға арналған киім үлгілерін (команда логотипімен бас киім, шарф-барскарф, клубтық киім) ұтып ала аласыздар! «Дайын жұмыстарыңызды nesterenko@fca.kz электронды почтасына жіберулеріңіз керек», – деп хабарлайды «Астана» футбол клубының ресми сайты.
Байқау жеңімпазын клубымыздың шығармашылық тобы анықтайтын болады. Ең үздік деп танылған өлеңдер мен поэмалар «Астана» клубының ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларына жарияланатын болады.