Вернуться к списку статей

“Астана” “Оқжетпестен” үстем түсті

Футбол
1K
«Астана» – «Оқжетпес» – 3:0.Фото: fca.kz
«Астана» өз алаңында «Оқжетпесті» ойсырата ұтып, бір тәулік көш бастаған «Қайратты» қайтадан екінші орынға ығыстырды.

«Оқжетпес» ойынды тәп-тәуір бастады. Айбынды «Астананың» шабуылдарын тойтарып, тайталасып бақты. Бірақ деңгейі жоғары ұжымның қарқынына бәрібір төтеп бере алмады. Көкше клубының шамасы шамамен 40 минутқа қана жетті.

Бұдан кейін «Астана» үш гол соғып, басымдық танытты. Бірақ ыстықта бар мүмкіндігін көрсете алмағандай. Әрі «Тарлан Аренаның» жасыл алаңы да футболшылар көсіле сілтейтіндей сапалы емес. Өкінішке қарай, ел чемпионына биыл «Астана Аренадан» екінші рет тыс қалып отыр...

Үш голды да легионерлер соқты. Патрик Твумаси спорттық бабына келе бастағандай. Соңғы матчтарда ерекше көзге түсіп жүр. Ал Джуниор Кабананга 13-інші голын соғып, Қазақстан премьер-лигасының сұрмергендері тізімінде Жерар Гоуды өкшелеп келеді (14 доп).

«Астана» – «Оқжетпес» – 3:0 (1:0)

Голдар: Твумаси, 39. Граховац, 77. Кабананга, 78. 

Ескерту: Бөлешев, 84.

«Астана»: Мокин, Шитов, Логвиненко, Постников, Шомко (к), Маевский, Граховац, Мұжықов (Прокопенко, 83), Муртазаев (Деспотович, 73), Твумаси (Жалмұқан, 81), Кабананга.

Қосалқы құрам: Эрич, Жақыпбаев, Сағынаев, Жүнісов, Тағыберген

«Оқжетпес»: Стаменкович (к), Досмағамбетов, Фрейдгеймас, Абдулин, Марочкин, Волков, Козлов (Бөлешев, 68), Юрин, Гогуа (Куксин, 46), Федин, Огунжими (Шафф, 79).

Қосалқы құрам: Әбжанов, Әбілғазы, Дайыров, Нұрғалиев, Цой, Кейлер.

Төрешілер: Кучин (Қарағанды), Лабашов (Атырау), Субботин (Талдықорған).

25 маусым. Астана, «Тарлан Арена» стадионы. 1000 көрермен.


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика