Вернуться к списку статей

“Астана” Венгрия құрамасының ойыншысын жалға алды

Футбол
1K
Ласло Кляйнхайслер. Фото: fca.kz
Бүгін «Астана» футбол клубы Венгрия құрамасының жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслермен еңбек келісіміне қол қойды.

23-жастағы ойыншы бұған дейін Венгрияның «Пушкаш Академиясы», «Видеотон» және «Ференцварош», Германияның «Вердер» және «Дармштадт 98» клубтары сапында өнер көрсеткен.

«Астана» футбол клубы Ласло Кляйнхайслерді немістің «Вердер» командасынан бір жылға жалға алды.

Ласло өз кезегінде Венгрия жасөспірімдер және жастар құрамасында өнер көрсеткен. Ал Венгрия ұлттық құрамасы сапында 13 ойын өткізген. Соңғы екі ойынын 2016 жылғы Францияда өткен Европа чемпионатының финалдық кезеңінде өткізген.

fca.kz

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика