Вернуться к списку статей

Қазақстан-U17 құрамасы Финляндия бозбалаларымен тең түсті

Футбол
2K
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы. Фото: kff.kz
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Сербияда Милян Миляничті еске түсіруге арналған халықаралық турнирде алғашқы ойынын өткізді.

Милян Милянич турниріне Қазақстан, Сербия, Финляндия бозбалалары қатысуы керек болатын. Бірақ Қытай жасөспірімдері бармаған сияқты. Себебі кеше бір-ақ ойын өтіп, Испания маманы Карлош Ферер жаттықтыратын қырандарымыз финн талантарымен тең түсті.

Бірінші таймда Станислав Басманов есеп ашып, көп ұзамай Жалғас Жақсылықов айып соққысын сәтті орындап, есепті еселей түскен. Алайда екінші таймның басында Финляндия бозбалалары есепті қысқартты.

Бірақ Алияр Мұхамед тағы бір гол соғып, Қазақстан-U17 құрамасы қайтадан екі доп айырмасымен алға шыққан. Десек те, финн бозбалалары қайтпай, есепті тағы да қысқартты. Сөйтіп, ойын қыза түсті.

70-минутта төреші біздің бір ойыншыны (Илья Дёминді) алаңнан қуып, Қазақстан-U17 құрамасы кем құрамда қалды. Ал матчтың соңғы минутында төреші біздің құраманың қақпасына пенальти беріп, финндер есепті теңестіріп кетті. Есеп – 3:3.

Сербия футбол одағының ресми сайтындағы ақпараттарға сенсек, бүгін кешке осы елдің жас таланттары Финляндия бозбалаларымен кездеседі. Ал Қазақстан жасөспірімдері мен Сербия-U17 құрамасы ертең додаға түседі.

Жалпы, Милян Миляничті еске түсіруге арналған халықаралық турнирге Қазақстан-U17 құрамасы мына құрамда аттанған болатын:

қақпашылар – Әлішер Мәмбетжанов, Сергей Кляхин;

қорғаушылар – Жалғас Жақсылықов, Әділжан Дүйсембаев, Асылбек Нұрсейіт, Данияр Айбекұлы, Рахман Маруа;

жартылай қорғаушылар – Дәурен Жүсіпов, Данияр Үсенов, Алияр Мұхамед, Станислав Басманов, Омар-Василь Нұртаев, Руслан Джарлаев, Илья Дёмин, Фёдор Неумывакин, Улугбек Рустамбеков;

шабуылшылар – Даниял Закария, Ернар Құсақов, Байжан Меделхан, Тәуіпбек Орыналин.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика