Олай дейтініміз, Кахабер Цхададзе бастаған командаға қарағанда Константин Горовенко баптайтын жастар өз лигасында жарап тұр. Қазір олар турнир кестесінде «Жетісумен» үзеңгі қағыстырып келеді.
Бірінші лиганың 5-туры аясында Теміртаудың «Шахтер-Болатын» қабылдаған «Қайраттың» академиясы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Кеше ғана 76 жасын атап өткен Тимур Сегізбаевтың атындағы стадионда өткен ойында жылдам екі гол соғып алған алматылықтар кездесу соңына дейін тізгінді уыстарынан шығармады. Алдымен 10-шы минутта Арман Нүсіп есеп ашқан. Араға төрт минут салып Жандос Солтан есепті еселеді. Дегенмен, екінші таймның ортасына қарай теміртаулықтар алаң иелерін тықсыртып, ойын тағдырын құтқаруға тырысып бақты. Бірақ, уақыт жетпей қалды да, 88-ші минутта соғылған бір ғана голмен шектелді. Бұл жеңіс «Қайраттың» академиясын турнир кестесінде «Жетісуды» қуып жетуге мүмкіндік жасаса, біріншілікті тәп-тәуір бастаған «Шахтер-Болат» 6-шы орынға сырғыды.
«Жетісу» мен «Қайрат-А» командаларын Қызылорданың «Байқоңыры» қуып келеді. Шымкенттегі «БИІК» спорт кешенінің стадионында «Қыранмен» кездескен Ерлан Шойтымов шәкірттері қанша шабуылдағанымен шымкенттіктердің қақпашысы Талғат Қаленовтің әлсіз жерін таппады. Екі команда да бір-бір ұпайды еншілеп, тең есепке қанағат білдіріп тарқасты.
Ал Петропавлдың «Қызыл-Жары» енді ғана ояна бастаған секілді. Екібастұзға қонаққа барған Владимир Фомичев шәкірттері алаң иелерінің қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Бірінші таймда бір ғана голмен шектелген олар үзілістен кейін тағы екі гол соғып, оңай жеңіске қол жеткізді. Осылайша «Қызыл-Жар» бес турдан кейін 6 ұпаймен турнир кестесінде 5-ші орынға көтерілді. Ал бес кездесудің барлығында жеңілістің кермек дәмін татқан «Екібастұз» көш соңында әзер ілбіп келеді.
Енді ертең бесінші тур Талдықорғандағы «Жетісу» – «Мақтаарал» матчымен тәмамдалады.
Бірінші лига, 5-тур
«Қайрат А» (Алматы) – «Шахтер-Болат» (Теміртау) 2:1 (2:0)
Голдар: Нусіп, 10 (1:0). Солтан, 14 (2:0). Бернацкий, 88-пенальтиден (2:1).
Ойынның 86-минутында Әлібек Қасым пенальти орындай алмады.
Ескертулер: Қасым 24, Люхай 77, Караваев 88 – Жолшорин 23, Диқанбаев 31, Ақбұлан 85, Алексеев 90+3.
Қайрат А: Караваев, Қасым, Гладченко, Люхай, Солтан (Сәрсенов 62, Котов 87), Қыбырай, Парагульгов (Оразов 46), Жағыппар, Нүсіп, Мусаев (к), Хабаев (Сматов 75)
Резерв: Грошев, Стародубов, Қыдырәлі
Шахтер-Болат: Ақбұлан, Диқанбаев (Буртовой 46), Наркескен (Наурызбаев 46), Әбенов, Оспанов (Сосновский 55), Тарасов, Бернацкий (к), Жолшорин (Алексеев 64), Ахмеев, Щербаков, Жүсіпов
Резерв: Матаев, Базарнов, Шәкен, Лунев
Төрешілер: Әбжан (Шымкент), Гриценко (Қостанай), Әуелбеков (Шымкент)
Алматы қаласы, Т.Сегізбаев стадионы, 200 көрермен.
«Қыран» (Шымкент) – «Байқоңыр» (Қызылорда) 0:0
Ескертулер: Жолдасов 46, Жақсыбек 69, Әбутов 84 – Абзалов 52
Ойынның 87-ші минутында Нұрсайын Жолдасов алаңнан қуылды.
Қыран: Қаленов, Әбутов, Тәжмағамбетов (Фоменков 46), Ахымбеков (Жақсыбайұлы 72), Жолдасов, Аллашүкіров, Ермырзаев (к), Бөрібай (Жақсыбек 65), Манекеев, Тілеумбет, Әліпбек
Резерв: Тоқтарбай, Тұрсын, Шәмші, Әлімбеков, Аметов, Эрмекуулу.
Байқоңыр: Таңатқанов, Махан (Дүйсембаев 90+5), Сарбай, Сейітқанов, Абзалов (Таңібергенов 75), Кемалұлы, Қарабек (Аяжан 84), Рүстемов, Дүйсенбаев, Төлегенов, Төлегенұлы
Резерв: Тілеуов, Серік, Балымбетов, Рахметов
Төрешілер: Жасыбай (Алматы), Серікболов (Семей), Жүнісов (Астана)
Шымкент қаласы. «БИІК» стадионы, 200 көрермен.
«Екібастұз» – «Қызыл-Жар» 0:3 (0:1)
Голдар: Жұмкенов, 25 өз қақпасына. Соколенко, 63. Кулибали, 74.
Ескертулер: Оразалиев 15, Сүлейменов 38, Бралин 45, Берсүгіров 90+4 – Бажич 90
Екібастұз: Айдарғалиев (Сотник 32), Оразалиев (Берсүгіров 51), Әнуарбеков, Еркен, Айменов, Аллаяров (Саденко 71), Бралин (к), Бегалин, Джамаришвили (Мырзабаев 62), Жұмкенов, Сүлейменов
Резерв: Панасенко, Әбдібеков, Бурцев, Омаров, Чифин
Қызыл-Жар: Зәкіров, Соколенко, Сұлтанов, Кулибали, Ступич (Бажич 88), Аитов, Алиев (к), Гунченко, Жанұзақов (Шевченко 82), Мальцев (Мульдинов 64), Седельников
Резерв: Багаутдинов, Кисметов, Хаиров, Павинич, Серғалиев, Тайыпов
Төрешілер: Бильдинов, Русяев (екеуі де – Қарағанды), Вилимзонов (Өскемен)
Екібастұз қаласы. «Шахтер» стадионы, 1 200 көрермен.