Вернуться к списку статей

Статистика алдамайды – Қай клубтың легионерлері нашар?

Футбол
2K
Биыл
Қазақстан премьер-лигасының бірінші айналымында қай клубтың легионерлерінің деңгейлері төмендеу екені тайға таңба басқандай болып көрінді.

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының бірінші айналымы аяқталды. 65 ойында ел чемпионатындағы клубтарымыздың шама-шарықтары анық байқалды. Құрамын деңгейі жоғары легионерлермен жасақтай алмаған командалар екшеліп, көш соңына түсіп қалды.

Легионерлер не үшін керек? Олар команданы алға сүйреу үшін қажет. Олардың деңгейі жергілікті футболшылардан мейілінше жоғары болуы керек. Сонда ғана команда жоғары жетістіктерге қол жеткізе алады.

Ал шет елдерден қалап, таңдап әкелген футболшылардың деңгейлері жергілікті ойыншылардан жоғары болмаса, тіпті төмендеу болса, онда мұндай команда “қайраңда” қалады.

Қазақстан премьер-лигасының бірінші айналымнан кейінгі кестесіне көз жүгіртсеңіздер, көш соңында «Ақтөбе» мен «Шахтер» тұр. Бұл екеуінің легионерлері өз футболшыларымыздан асып түсерліктей емес екен. Сондай-ақ «Оқжетпестің» биылғы легионерлерінің басым көпшілігі сенім үдесінен шыға алар емес. Бұларға «Таразды» да қосуға болады.

Мысалы, Қарағандының «Шахтерін» алайық. Бірінші айналмда 10 ойын өткізіп, 10 гол соқты. Соның біреуін ғана шетелдік футболшы соқты. Қалған тоғыз доп – өз футболшыларымыздың еншісінде. Сонда легионерлерінің қажеті қанша?

Осы ретте, базбіреулердің кеншілер сапындағы легионерлер гол соғудан гөрі қорғанысқа көп көңіл бөлетін ойыншылар деген уәж айтуы мүмкін. Келісемін. Бірақ қараңыздаршы, «Атыраудың» орталық қорғаушысы Юре Обшивач үш мәрте өте маңызды, ал «Ордабасының» орталық қорғаушысы Пабло Фонтанелло екі рет өте әдемі доп соқты.

«Ертістің» екпінді қорғаушысы Стефан Живкович те, «Қайраттың» тас қамал қорғаушысы Жарко Маркович те екі голдан соғып, жағдайлары тығырыққа тірелгенде бәріне де үлгеріп, шабуылшыларына да көмектесіп жүр. Тізе берсек, мұндай мысалдар көп.

«Статистика алдамайды» деген қағидалы сөз бар. Ендеше, төмендегі кестедегі деректерге көз жүгіртіп, Қазақстан премьер-лигасындағы командалардың легионерлері деңгейін нобайлап болсын, пайымдап шығуларыңызға болады:


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика