Вернуться к списку статей

“Даму кубогы” – Қазақстан бозбалалары үшінші орында...

Футбол
1K
Қазақстан – Босния және Герцеговина – 2:1. Матчтан кейін. Фото: kff.kz
Жасөспірімдер арасындағы «УЕФА даму кубогы» халықаралық турнирі аяқталды, Қазақстан-U17 құрамасы үшінші орынды қанағат тұтты.

Бұл турнирге төрт құрама ғана қатысады. Бұған дейін жазғанымыздай, биыл Црна Горада өтті. 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы соңғы ойынын Әзірбайжан бозбалаларымен өткізді.

Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Қазақстан-U17 құрамасы сапынан жалғыз голды бірінші таймда Дмитрий Савченко соқты. Әзірбайжандар екінші таймда есепті теңестірді. Ойын тең аяқталғандықтан, дода ережесі бойынша екі команда пенальти тепті.

Сөйтіп, бұл ойында жеңіске жеткен команда пенальти арқылы анықталды. Мұнда Испания маманы Карлош Ферер жаттықтыратын біздің бозбалаларымыздың жолдары болды. Есеп – 5:4. Қазақстан-U17 құрамасына екі ұпай бұйырды.

Ал осы турнир аясындағы екінші матчта Босния және Герцеговина бозбалалары жергілікті Црна Гора жасөспірімдер құрамасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Сөйтіп аталған екі құрамада алты ұпайдан еншіледі. Сондықтан доп айырмасына жүгінуге тура келді...

1. Босния және Герцеговина – 6 ұпай (доп айырмасы: 8-2)
2. Црна Гора – 6 (5-4)
3. Қазақстан – 5 (3-4)
4. Әзірбайжан – 1 (1-7)

Бірінші күн:

Босния және Герцеговина – Әзірбайжан – 3:0
Црна Гора – Қазақстан – 2:0

Екінші күн:

Црна Гора – Әзірбайжан – 3:0
Қазақстан – Босния және Герцеговина – 2:1

Үшінші күн: 

Босния және Герцеговина – Црна Гора – 4:0
Қазақстан – Әзірбайжан – 1:1 (пенальтиден – 5:4)

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика