Вернуться к списку статей

Ендігі “мақсат” – футболда бір-ақ клуб қалдыру ма?!

Футбол
2K
Бюджетке телмірмейтін
ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және денешынықтыру істері комитеті басқосуында футболшы-легионерлерге бюджеттен жалақы төлемеу туралы ұсыныс жасалыпты...

Негізі, бұл жай ғана ұсыныс емес, дайындалып жатқан заң жобасы көрінеді. ҚР мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Сәкен Мұсайбеков бюджетен бөлінген қаражаттың 40-45 пайызын, кейбір облыстарда тіпті 50 пайызға жуығын футболға жұмсау дұрыс емес екендігін айтқан. Дұрыс-ақ...

Бірақ аталған заң жобасында бюджеттен бөлінетін қаржыдан футболшы-легионерлерге жалақы төлеуді мүлде тоқтату қарастырылып отырған көрінеді. «Егер легионер шақырғың келе ме, онда демеуші тап, қаржы көзін тап» деген дерек көлденең тартылып отыр.

Ал легионерлер кетсе, біздің футболымыздың деңгейі күрт төмендейді. Ашығын айтайын, легионерлерге шектен тыс жалақы төлегенге мен де қарсымын. Бірақ оның басқа жолдарын қарастыру керек сияқты. Мәселен, футболшылардың жалақысына – шектеу қою, әрі оны қатаң қадағалап отыру.

Жалпы, дәл қазір осы заң жобасы күшіне енсе, онда Қазақстан премьер-лигасында «Қайраттан» басқа ешбір клуб легионерлеріне жалақы төлей алмайды. Басқа ешбір клубтың бюджеттен басқа қаржы және табыс көзі жоқ.

Онда біздің чемпионатымыз тура қазіргі футзалымыз мен баскетболымыздай болады. Бір клуб қана бәрін тас-талқан қылып ұта береді (5:0, 7:0 с.с). Сол клуб қана жылда чемпион болады. Сол клуб қана жылда Чемпиондар лигасына қатысады. Бәсекелестік деген құрдымға кетеді...

Қазір футзалдан Қазақстан чемпионда неше команда бар? Бес команда ғана! Баскетболдан Ұлттық лигада қанша команда ойнайды? Үш клуб қана! Енді футболымызда сондай бола ма?!

Мен бұл заң жобасы қабылданбайды деп ойлаймын. Елдің, халықтың пікірін білу үшін “көпсітіліп” отырған дақпырт шығар. Негізі, Ұлттық штаттағы командалар дирекциясы өкілеттігін Ұлттық Олимпиада комитетіне беру, спортқа бөлінген қыруар қаржыны федерацияларға бөлу мәселесі “көкпарға тартылып” жүргендей еді. Ал бұл өз алдына жеке – тақырып...

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика