Вернуться к списку статей

“Тараз” бен “Ақжайық” – Талгаев пен Масудов

Футбол
1K
«Тараз» – «Ақжайық» – 0:0. Фото: fctaraz.kz
Қазақстан премьер-лигасындағы отандық мамандар жаттықытратын екі клубымыз VІІ турда кездесіп, ұпай бөлісті.

Қалталары жұқа, “тондары келте” болса да, жанкештілік және қайсарлық танытып, азулы командалардың өздерінен ұпай алып жүрген екі команда Таразда кездесті. Бір қызығы, екі команданың ба бас бапкері осы қаладан түлеп ұшқан...

Бұл матчта ойын аса жоғары жылдамдықта өткен жоқ. Әйтсе де, екі команда бір-біріне дес бермеді. Сөйтіп, «Ақжайық» төртінші рет қатарынан тең түсті. Ал «Тараз» бесінші турда Шымкенттен келген көршілерін ұтып, өткен турда Ертіс жағасында оңбай ұтылып қалған. Бұл жолы бір ұпайды көңілге медеу тұтты.

Осы ойыннан кейін «Ақжайық» тұрған орнынан тапжылмай, 7-орында қалды. Еншісінде жеті ұпай. Ал «Тараз» болса, екі саты жоғарылап, 8-орынға орналасты. Орал клубынан бір ұпайы кем...

«Тараз» – «Ақжайық» – 0:0

Ескертулер: Эргашев, 73. Шипицин, 77 – Ортиз, 49.

«Тараз»: Логиновский, Әмірханов, Шипицин, Миюшкович, Молтусинов, Таубай (Зайнутдинов, 70), Диара (Эргашев, 46), Фещук (Морис, 65), Горбанец, Қожамберді, Мухаметшин (к).

Қосалқы құрам: Сатубалдин, Сейідахмет, Нұралы, Байжанов, Азовский, Райымбек.

«Ақжайық»: Төлебаев, Ерсәлімов, Николич, Одибе, Сапанов (к) (Шабаев, 90+2), Шмидт, Заречный, Валиуллин (Тапалов, 90+4), Ортиз, Изу, Аренас Дельгадо (Перцух, 68).

Қосалқы құрам: Котляр, Рубио, Антипов, Чулагов, Омаров, Сергиенко.

Төрешілер: Чеховский (Астана), Лабашов, Калачев (екеуі де – Атырау)  

16 сәуір. Тараз. «Орталық» стадион. 3 000 көрермен 


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика