Алдымен Әзірбайжанды жеңіп, арада үш күн өткеннен кейін Грузиямен тең түскен Қазақстан ұлттық құрамасы 125 орыннан 116 сатыға дейін көтерілген. Иә, жаман нәтиже емес. Талғат Байсуфинов пен Нүркен Мазбаев бастаған бапкерлер алқасы ФИФА рейтінгіндегі жағдайымызды едәуір жақсартты. Еншімізде қазір тұп-тура 300 ұпай бар. Мұндай көрсеткішке сонау 2007 жылдан бері қол жеткізе алмай келген едік. Ал ең жоғарғы көрсеткішіміз 2001 жылға тиесілі. Сол жылы ұлттық құрамамыз 98-орында аяқтаған болатын. Бірақ ол кезде Азия құрамында едік.
Біз 116-шы орынға масаттанып жүргенімізде айыр қалпақты ағайындарымыз өз тарихында тұңғыш рет үздік жүздікке енді. Наурыз айында Бішкекте өткен Challenge кубогы (Азияның футболы әлсіз дамыған елдері арасындағы турнир) іріктеу кезеңінде Макао, Пәкістан және Тәжікстан құрамаларын кезек-кезегімен 1:0 есебімен ұтып, ФИФА рейтингінде бес сатыға жоғары көтерілді. Қазір олар Азия бойынша 12-ші, ТМД елдері арасында 9-орында. Бізден әлдеқайда жоғары. Енді 2016 жылдың соңына дейін Қырғызстан футбол федерациясы сегіз жолдастық кездесу өткізуді жоспарлауда. Оның алтауын өз алаңында қабылдаса, екеуін түзде өткізбек. Бір кездесуі бізге қарсы. Ол кезде бас бапкеріміздің кім болары әлі белгісіз. Бірақ 30 тамыз күні ұлттық құрамамыз Бішкекке қонаққа барады.
Ал жалпы ФИФА рейтингінде көшбасшы өзгерген. Өткен жылдың қарашасынан бастап бес ай бойы тізгінді ешкімге бермеген Бельгия құрамасын 3-орынға дейін төмен сырғып, көш басына Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы жайғасты. Екінші орында «Неміс машинасы».
FIFA рейтингі (07.04.2016 ж.)
1 (2). Аргентина — 1532 ұпай
2 (1). Бельгия — 1352
3 (5). Чили — 1348
4 (8). Колумбия — 1337
5 (4). Германия — 1309
6 (3). Испания — 1277
7 (6). Бразилия — 1251
8 (7). Португалия — 1184
9 (11). Уругвай — 1158
10 (9). Англия — 1069
19 (16). Румыния) — 922*
22 (27). Украина — 880
27 (31). Польша — 821*
27 (23). Ресей — 821
41 (40). Дания — 686*
94. (84). Черногория — 365*
66 (74). Өзбекстан — 549
77 (64). Беларусь — 465
93 (88). Эстония — 366
100 (105). Қырғызстан — 340
108 (98). Латвия — 323
110 (116). Армения — 316*
116 (125). Қазақстан — 300
123 (122). Грузия — 289
128 (113). Түркменстан — 277
134 (112). Әзірбайжан — 269
139 (128). Литва — 254
156 (156). Молдова — 181
164 (150). Тәжікстан — 149.
*Ескерту: Жұлдызшамен (*) белгіленгендер Қазақстан ұлттық құрамасының 2018 жылғы әлем чемпионаты іріктеу додасындағы қарсыластары.