Вернуться к списку статей

Жастарымыз қалайша «құнсызданып» қалды?

Футбол
2K
Фото: Максим Токарь
Әне басталады, міне тақап қалды деп отырып, футболдан Қазақстан Премьер-лигасының бірінші турын да артта қалдырдық. Ал біздікі тағы да баяғы жастардың жайы ғой.

«Міндетті түрде 21 жастан аспаған бір футболшы алаңда ойнауы керек» деген ереже алынып тасталынғаннан кейін Қазақстан клубтары жастарға қалай қарай бастады? Ел чемпионатының бірінші турынан кейін біз командалардың құрамына сараптама жасап шыққан едік.

Сандар не деп сөйлейді?

Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап Премьер-лига командалары матч хаттамасына екі жас футболшыны қосуға міндетті болғанымен оларды алаңға шығару-шығармауын бас бапкердің өзі шешеді. Яғни, ойлап қарасаңыз, клубтарымыздың жас футболшыларды тәрбиелеу саясатына және жаттықтырушылардың жастарға қаншалықты көңіл бөлетініне енді ғана шынайы бағаны бере бастауға болады.

Сонымен, 1-турда командалар жастарды қалай пайдаланды? Алдымен жалпылама цифрларға көңіл аударайық.

Қазақстан Премьер-лигасында 12 клуб өнер көрсететінін ескерсек, әр турда кем дегенде 24 жас ойыншы хаттамаға енуі тиіс. Сенбі мен жексенбі күндері өткен 1-тур барысында 21 жастан аспаған барлығы 38 қазақстандық футболшының есімдері матч хаттамаларына еніпті. Оның 13-і алаңға шыққан. Сол 13 «лимитчиктің» алаңдағы уақытын қоса есептегенде 461 минут шығып отыр. Яғни, 5 футболшының толық уақытынан сәл ғана асады. Алаңда 90 минут бойы ойнағаны тек біреу ғана – «ордабасылық» Еркебұлан Тұңғышбаев. Сондай-ақ, «қайраттық» Виталий Ли 88 минут ойнап, бір гол соққан. Дегенмен, сіздерді қайдам, өз басым Лиді «лимитчик» деуге аузым бармайды. Еуропада 16-17 жастағы жасөспірімдер атой салып жүргенде, 22-дегі жігіттерді қалай жас деп айтасың? Виталий 22 жасын кеше атап өтті. Бірақ, екеуі де өз командаларында «лимитчик» ретінде доп теуіп жүр. Жалпы, бірінші турда 1994 жылғы қазақстандық ойыншылардың саны 15 болды. Солардың алтауы алаңға шықты.


Виталий Ли бірінші турда 88 минут ойнап, бір гол соқты
Клубтар жастарға қалай қарайды?

«Астана» мен «Қайрат» жаттықтырушылары матч хаттамасына бес жас ойыншыдан тіркеген. Дегенмен, Станимир Стойлов бір ғана «лимитчикті» алаңға шығарса, «Қайрат» жаттықтырушысы Александр Бородюк үш жас ойыншысына көсілуге мүмкіндік берген. Ал «Атырау», «Тобыл», «Жетісу» және «Оқжетпес» жаттықтырушылары жастарды хаттамаға тек Регламенттегі ережеге мойынсұнғандары үшін ғана қосқан секілді. Бірінші турда бұлардың бірде-бір жас футболшысы алаңға сол күйі шыққан жоқ. Рас, «Тобыл» сапында алаңға 88-минутта қазақстандық ретінде Рауль Джалилов шықты. Дегенмен, қырғыз футболының түлегін «қазақ» деп айта алмас едік.

Осы орайда бізге елордалық клубтың позициясы ұнап тұр. Станимир Стойлов алаңға 2000 жылғы жеткіншекті шығарды. Иә, әлі 16-ға толмаған бозбала Мәди Жақыпбаев болгар бапкердің арқасында өмірінде бірінші рет үлкен футболдың қандай болатынын сезініп көрді. Рас, алаңға ойынның аяқталуына бір-ақ минут қалғанда ғана шықты. Аяғына доп тигенше төрешінің соңғы ысқырығы да естіліп қойды. Бірақ, бұл минут оған зор тәжірибе болғаны анық. Енді келесі кездесулерге аяғы дірілдемей-ақ шығатын болады.

– Биылдан бастап біз жас футболшыларды тәрбиелеу саясатына өзгеріс енгіздік. Оқу-жаттығу жиындарына 16-17 жастағы жасөспірімдерді көптеп шақырдық. Мәди де әлі жас бала. Дегенмен, негізгі құраммен бірге жаттығып жүргеніне 5-6 айдай болып қалды. Меніңше, осы дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, 21 жастағыларды «лимитчик» деп айта алмайсың. Оларға бірнәрсе үйрету де қиын. 21 жастағы ойыншы еш көмексіз-ақ негізгі құрамның лидері болу керек қой. Сондықтан, жасөспірімдермен жұмыс істеген дұрыс. Ал 3-4 жылдан кейін бұлар «Астананың» негізін құрайтын болады. Бәлкім, ол уақытта мен клубта жұмыс істемейтін де шығармын. Бірақ, қазірден бастап болашаққа жұмыс істеу қажет, - деді «Астана» – «Шахтер» кездесуінен кейін елордалықтардың бас бапкері Станимир Стойлов.


Еркебұлан Тұңғышбаев бірінші турда 90 минут ойнаған жалғыз футболшы
«Атырау», «Тобыл», «Оқжетпес» және «Жетісу» жастардан жеріді ме?

Енді әр командаға және олардың «лимитчиктеріне» жеке-жеке, кесте жүзінде тоқталып көрейік. 

Футболшы

Амплуа

Жасы

1-турда

Қайрат – хаттамаға 5 жас ойыншы еніп, оның үшеуі алаңға шықты.

Виталий Ли

Шабуылшы

22

88 минутта алмастырылды (1 гол)

Тимур Рудосельский

Қорғаушы

21

85 минутта алмастырылды

Ян Вороговский

Ж.қорғаушы

19

85 минутта алаңға шықты

Владимир Грошев

Қақпашы

20

Хаттамаға енді

Мадияр Райымбек

Ж.қорғаушы

20

Хаттамаға енді

Астана – хаттамаға 5 жас ойыншы еніп, оның біреуі алаңға шықты.

Мәди Жақыпбаев

Ж.қорғаушы

15

90+2 минутта алаңға шықты

Абылайхан Дүйсен

Қақпашы

21

Хаттамаға енді

Біржан Құлбеков

Қорғаушы

21

Хаттамаға енді

Берік Шаихов

Қорғаушы

21

Хаттамаға енді

Геворг Наджарян

Ж.қорғаушы

18

Хаттамаға енді

Тараз – хаттамаға 4 жас ойыншы еніп, оның екеуі алаңға шықты.

Абзал Таубай

Ж.қорғаушы

21

29 минутта алмастырылды

Бақытжан Рымтаев

Ж.қорғаушы

21

68 минутта алаңға шықты

Құрмет Қараман

Ж.қорғаушы

20

Хаттамаға енді

Қанат Қаримолла

Ж.қорғаушы

21

Хаттамаға енді

Шахтер – хаттамаға 4 жас ойыншы еніп, оның екеуі алаңға шықты.

Сергей Ветров

Шабуылшы

21

73 минутта алаңға шықты

Қуаныш Ермеков

Ж.қорғаушы

21

79 минутта алаңға шықты

Владислав Васильев

Ж.қорғаушы

18

Хаттамаға енді

Оралхан Өміртаев

Шабуылшы

17

Хаттамаға енді

Ақтөбе – хаттамаға 3 жас ойыншы еніп, оның біреуі алаңға шықты.

Дидар Жалмұқан

Ж.қорғаушы

19

60 минутта алаңға шықты

Мұхамбет Тамабай

Қақпашы

19

Хаттамаға енді

Нұрбол Жұмашев

Қорғаушы

21

Хаттамаға енді

Ақжайық – хаттамаға 2 жас ойыншы еніп, екеуі де алаңға шықты.

Руслан Валиуллин

Қорғаушы

21

70 минутта алмастырылды

Иван Антипов

Ж.қорғаушы

20

84 минутта алаңға шықты

Жетісу – хаттамаға 3 жас ойыншы енгенімен ешқайсысы алаңға шыққан жоқ

Темірлан Әділханов

Қорғаушы

21

Хаттамаға енді

Диас Мыңбаев

Қорғаушы

20

Хаттамаға енді

Әділ Балғабаев

Ж.қорғаушы

20

Хаттамаға енді

Оқжетпес – хаттамаға 3 жас ойыншы енгенімен ешқайсысы алаңға шыққан жоқ

Антон Куксин

Қорғаушы

20

Хаттамаға енді

Мирас Тулиев

Қорғаушы

21

Хаттамаға енді

Олег Лебедев

Ж. қорғаушы

20

Хаттамаға енді

Жетісу – хаттамаға 3 жас ойыншы енгенімен ешқайсысы алаңға шыққан жоқ

Рафкат Аслан

Қорғаушы

22

Хаттамаға енді

Олжас Ілиясов

Ж.қорғаушы

21

Хаттамаға енді

Темірлан Елмырзаев

Шабуылшы

20

Хаттамаға енді

Ордабасы – хаттамаға 2 жас ойыншы еніп, оның біреуі алаңға шықты.

Еркебұлан Тұңғышбаев

Шабуылшы

22

90 минут

Дәурен Қайқыбасов

Шабуылшы

20

Хаттамаға енді

Ертіс – хаттамаға 2 жас ойыншы еніп, оның біреуі алаңға шықты.

Владимир Воменко

Ж.қорғаушы

20

83 минутта алаңға шықты

Григорий Сартаков

Қорғаушы

21

Хаттамаға енді

Атырау – хаттамаға 2 жас ойыншы енгенімен ешқайсысы алаңға шыққан жоқ

Алтынбек Сапаров

Ж.қорғаушы

20

Хаттамаға енді

Қасымхан Нақпаев

Ж.қорғаушы

21

Хаттамаға енді

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика