Кеше pavon.kz басылымы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов 2016 жылды қорытындылап, өз баяндамасында осы өңірде футболды дамытуға демеушілермен біріге отырып, жылына 2,1 миллиард теңге қаржы жұмсалатындығын мәлімдеген.
– Футбол жанкүйерлері арасында сауалнама жүргізу арқылы, егер футболды дамытуға бес миллиард теңге жұмсасақ та, ол адамдарға қажет екені түсінікті болды. Бұл жқнінде футбол ардагерлері айтып отыр, – депті облыс басшысы.
Әрі Болат Бақауов клубқа легионерлерге көп иек артпай, қаржы үнемдеп, сол ақшаға балалар футболын дамытып, өздерінің жеткіншектерін тәрбиелеп шығу керектігін де атап өткен.
Иә, барлық клубтарымыз шет елден егде тартқан футболшыларды жинай бермей, аз ғана легионерлермен шектеліп, балалар футболын дамытуға күш салса, бірер жылдан кейін өзіміздің жастарымыз арасында да бәсекелестік орнар ма еді?!