Вернуться к списку статей

Қазақстан-U17 құрамасы “Шерифтің” ізбасарларынан ұтылып қалды

Футбол
1K
Қазақстан-U17 құрамасы мен «Зенит-U17» (Санкт-Петербург, Ресей) командасы арасындағы ойыннан көрініс. Фото: fc-sheriff.com
Молдованың Тирасполь қаласында өтіп жатқан «Шериф кубогы-2016» халықаралық турнирінде Қазақстан-U17 құрамасы екінші ойынын өткізіп, алаң иелерінен 0:1 есебімен ұтылып қалды.

“Sheriff cup-2016” халықаралық турнирінде топтық ойындар тәмәмдалды. «Зенит» және «Шериф» клубтарының ізбасарларымен бір топқа түскен Қазақстан-U17 құрамасы екі ойыннан бір-ақ ұпай еншіледі.

Әуелі Ресейдің «Зенит» клубының жеткіншектерімен кездесіп, 3:3 есебімен тең түскен болатын. Ал бүгін «Шериф» клубының жас талантарымен додаға түсіп, 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Матч басында біздің бозбалаларымыз ширақ қимылдаған болатын. Бірақ алаң иелері өз мүмкіндіктерін мүлт жібермей, есеп ашты. Екінші таймда Қазақстан жеткіншектері қанша тырысқандарымен, гол соға алмай қойды...

«А» тобының ойындары

«Шериф-U17» (Тирасполь) – Қазақстан-U17 құрамасы – 1:0

Гол: Мокон, 42.

Қазақстан-U17: Устименко, Әйтім, Қашкен, Ілиясов, Совет, Махан (Шәмші, 67), Ульшин (Кеңесов, 45), Орал (Қалыбаев, 67), Қайыркенов, Құдайбердінов (Усачев, 45), Сейідахмет.

«Шериф-U17» (Тирасполь) – «Зенит-U17» (Санкт-Петербург) – 0:0

«Зенит-U17» (Санкт-Петербург) – Қазақстан-U17 құрамасы – 3:3


«В» тобының ойындары

«Динамо-U17» (Киев) – «Динамо-U17» (Тбилиси) – 2:1

«Динамо-U17» (Киев) – «Вииторул-U17» (Констанца, Румыния) – 5:0

«Динамо-U17» (Тбилиси) – «Вииторул-U17» (Констанца) – 2:0

Ертең – шешуші ойындар. Өз топтарында үздік шыққан «Динамо-U17» (Киев) және «Шериф-U17» командалары бас бәйгені сарапқа салады. «Динамо-U17» (Тбилиси) мен «Зенит-U17» (Санкт-Петербург) командалары қола жүлдеге таласады.

Ал Александр Кузнецов жаттықтыратын 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Румынияның «Вииторул-U17» ұжымымен бесінші орынды сарапқа салатын болады. 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика