Вернуться к списку статей

Саян Хамитжанов 46 жасқа толды

Футбол
1K
Саян Хамитжанов 46 жасқа толды. Фото: fca.kz
"Астана" футбол клубының Бас менеджері Саян Жақсыгелдіұлы Хамитжанов бүгін 46-ға толды.

Саян Хамитжанов 1970 жылы 3 қыркүйекте дүниеге келген. Еліміздегі көрнекті спорт қайраткерлерінің бірі. Қазақстан спортын дамытуға сіңірген ерен еңбегі үшін былтыр «Құрмет» орденімен марапатталған.

"Астана" футбол клубына Саяну Хамитжанов келгелі елорда ұжымы жоғары жетістіктерге қол жеткізе бастады. Еліміздің үш дүркін чемпионы атанып, 2015 жылы Қазақстан суперкубогын жеңіп алды. Биыл ел кубогын да иеленді.

Былтыр қазақ футболы тарихынды тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Ал биыл «Астана» клубы Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетуде.

Саян Жақсыгелдіұлының еңбек жолдары:

2001-2003 жж. – Астана қалалық Туризм және спорт департаментінің директоры,

2001-2004 жж. – «Жеңіс» ФК президенті,

2005 және 2007 жж. – «Алма-Ата» ФК президенті,

2006 жыл – Қазақстан футбол федерациясының Бас директоры,

2007 жыл – Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті,

2008-2014 жж. – Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы,

2012-2014 жж. – Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті,

2014-2015 жж. – «Астана» ФК президенті кеңесшісі,

2015-2016 жж. – «Астана» ФК президенті,

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бері – «Астана» ФК Бас менджері.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика