Вернуться к списку статей

Жаңа басшы сайланғанымен ел футболын басқаратын басқа адам бола ма?

Футбол
2K
Қазақстан футболын Сейілдә Байшақов басқарады
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды. 2020 жылдың 28 қарашасына дейін бұл қызметті Байшақов Сейілдә Икрамұлы атқаратын болады.

Бүгін елордамызда Қазақстан футбол федерациясының Кезектен тыс Конфенциясы өтіп жатыр. Күн тәртібіндегі басты мәселе - ел футболының жаңа басшысы сайлау. Сонымен, президенттіктен үміткер болған жалғыз кандидат Сейділда Байшақов қазақ футболын 2020 жылға дейін басқаратын болды.

– Сіздердің сенімдеріңіз бен жоғары бағаларыңызды шын жүректен бағалаймын. Өз тарапымнен, елімізде футболдың жан-жақты дамуына бар күш-жігерімді саламын. Алға қойылған міндеттерді лайықты орындап, биік мақсаттарға жетіп, жаңа шыңдарды бағындыру үшін футболды сапалық жаңа деңгейге көтеретінімізге сенімдімін, - деп ағынан жарылды Сейілдә Байшақов. 


Сондай-ақ, Конференция барысында ҚФФ жарғысының 13.3.10 бабына өзгеріс енгізілу мәселесі қарастырылуда. Яғни, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кейбір мәселелерді шешуге құқы шектеулі болып, бас хатшының мәртебесі артпақ. Президент шешуге қауқарсыз мәселелердің барлығы бас хатшының қатысуымен шешімін таппақ. Дегенмен, бұған келіспей жатқандар да бар. Солардың арасында ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі Дархан Кәлетаев та бар. Сонымен қатар, «қайраттық» өкілдердің де бой көтеріп жатқаны байқалады. Бірақ, бас хатшының жаңа рөлін жақтаушылар да аз емес. Тіпті, қаржы мәселесінің барлығын соның құзырына беру керек деген мәселелер айтылуда.

Сонымен, жарғыдағы жаңа өзгерістер мақұлданса, президент жай ғана тұлға ретінде қызмет етіп, барлық билік бас хатшының қолына өтеді. Қалай болар екен, ә?

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика