Бұл ақпаратты b92.net сайты таратты. Аталмыш ақпараттың мәлімдеуінше, Тавамба «Партизанда» Болгария шабуылшысы Валерий Божиновті алмастыратын көрінеді.
Камерун шабуылшысы «Партизан» клубында үшінші нөмірлі жейдемен ойнайтын сияқты. Ол Instagram-дағы жеке парақшасына жаңа жейдесінің суретін салып та қойыпты.
Естеріңізге сала кетейік, Тавамба биыл Қазақстан чемпионатында 23 ойын өткізіп, төрт гол соқты. Оның 13-турда "Ақжайық" командасының қақпасына табанымен (өкшесімен) соққан шешуші голы сонау Еуропада да хитқа айналған болатын. "Қайрат" осы голдың арқасында 3:2 есебімен жеңіске жеткен-ді.
Жалпы, Тавамба мен «Қайрат» қазан айының соңында екі жақты келісім бойынша, екеуара еңбек келісімін бұзған. Камерун шабуылшысы Алматыдан кеткен соң біздің елдің премьер-лигасында ойнайтын бірнеше клубтан өзіне ұсыныс түскенін де айтқан болатын. Бірақ соңғы сәтте Сербияның «Партизанын» таңдапты.