Вернуться к списку статей

28 қараша. Қазақстан футбол федерациясын қандай өзгерістер күтеді?

Футбол
1K
Қазақстан футбол федерациясының Кезектен тыс Конференциясынан не күтеміз?
Қарашаның 28-і күні елордамызда Қазақстан футбол федерациясының Кезектен тыс Конференциясы өтіп, екі жыл қонақтаған Ерлан Қожағапанов қызметінен кетіп, ел футболы жаңа басшысын табады. Бұл күні тағы қандай өзгерістер орын алмақ нендей мәселелер талқыланбақ? Қарастырып көрсек.

Кезектен тыс Конференция 28 қараша күні «Park Іnn» қонақүйінің мәжіліс залында таңертеңгі сағат 11:00-де басталады. Әдетте мұндай алқақотан жиындарда Федерация басшысы ауысып қана қоймай, қасындағы көмекшілеріне дейін өзгереді. «Оқуға кетуіне» байланысты Ерлан Қожағапановтың өз еркімен Федерация басшылығынан бас тартқанын білесіздер. Бұған дейін талай жазғанбыз. Ал оның орнын кім басады? Қазақстан футбол федерациясының Жарғы бойынша президенттіктен үміткер кандидат кемінде жиырма күн бұрын өтінішін білдіруі тиіс. Қазір тек Сейілдә Байшақов қана кандидат ретінде тіркелген.

Дегенмен, бұдан бөлек те маңызды мәселелер қарастырылып, бірқатар шешімдер шығарылады. Соның ішінде ревизиялық комиссияның да, Атқару комитетінің мүшелері де түбегейлі ауысады.

Сонымен, 28 қараша күні өтетін Кезектен тыс Конференцияның күн тәртібінде бізді не күтіп тұр?

1. Конференция дауыс бергенді есептейтін тұлғаларды тағайындау.

2. Конференция хаттамаларын тексеретін өкілдерді тағайындау.

3. Қазақстан футбол федерациясы президентінің өкілеттігін тоқтату.

4. Атқару комитеті мүшелерінің өкілеттігін тоқтату.

5. Ревизиялық комиссия мүшелерінің өкілеттігін тоқтату.

6. Қазақстан футбол федерациясы президентін сайлау.

7. Жарғыдағы өзгерістер мен толықтыруларды бекіту.

8. Қазақстан футбол федерациясының мүшелері құрамын өзгеруі.

9. Атқару комитеті мүшелерін сайлау.

10. Ревизиялық комиссия мүшелерін сайлау. 

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика