Копенгагенде өтетін Дания – Қазақстан кездесуінде Алон Йефет бас төреші қызметін атқарып, оған Данни Красиков пен Нисан Давиди көмектесетін болды. Ал қосалқы төреші ретінде Орель Гринфильд тіркелген. Бәрі де – Израиль төрешілері.
Алон Йефет – Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының матчтарына, әлем және Еуропа чемпионаттарының іріктеу ойындарында қазылық еткен маман.
Бір қызығы, бұл төреші 2015/2016 жылғы Чемпиондар лигасының үшінші електік сатысындағы «Астана» – ХИК кездесуінде бас төреші болған. Өздеріңіз білесіздер, бұл матч Астанада өтіп, шектен тыс тартысты ойында елорда командасы 4:3 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Дания – Қазақстан матчы алдағы жұмадан сенбіге ауған түні Копенгагенде өтеді. Астана уақытымен 01:45-те басталып, «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары ойынды тікелей эфир арқылы көрсетеді.