Данияның мамандары мен жанкүйерлері «өз алаңымызда Қазақстан құрамасын міндетті түрде жеңуіміз керек» деп “шулап” жатыр. Шулайтындай, алаңдаушылық білдіретіндей жөндері бар, 1992 жылғы Еуропа чемпиондарының қазіргі жағдайлары мәз емес.
«E» тобында үш ойыннан үш-ақ ұпай еншілеп, төртінші орында тұр. Енді ұпай жоғалтса, әлем чемпионатында доп тебуден үміттерін үзе бастайды. Сондықтан, «Дания құрамасы өз алаңында Қазақстан футболшыларын жеңбесе, бас бапкері Оге Харейде орнынан босатылады» деген сөздердің тқзы татитны сияқты...
Әрине, біздің жігіттер Харейденің жағдайын ойлап, тізгіндерін тартады деп ойламаймыз. Бізге де жеңіс керек. Ойын өрнегі үйлеспей, кежегелері кері тартып жүрген құраманы жеңіп кетуге тырысатындары, айтпаса да түсінікті. Алдағы матч, яғни жұмадан сенбіге ауған түнде өтетін ойын осысымен қызықты болып тұр.
Әрі екі команданың сапында да жарақат алып қалған ойыншылар бар. Дания құрамасының негізгі қақпашысы Каспер Шмейхель Чемпиондар лигасындағы матчта («Копенгаген» – «Лестер») қолын жарақаттап алған. «Енді бір айдай емделуі керек» деген ақпарат тараған болатын.
Сондай-ақ, Дания құрамасының «Селтик» клубының сапында ойнайтын орталық қорғаушысысы Эрик Святченко да жарақат алып қалыпты. Бұған дейін «Боруссия» (М) клубының намысын қорғайтын орталық қорғаушысы Андреас Кристенсен де жарақаттанып қалған болатын...