Вернуться к списку статей

Бақтияр Байсейітов "Ордабасыдан" кетпеуі мүмкін

Футбол
2K
Бақтияр Байсейітов бас бапкерліктен кетпеуі мүмкін
«Ордабасының» бас бапкері Бақтияр Байсейітов қызметінен кетпеуі мүмкін. Ел чемпионатының соңғы турынан кейін баспасөз мәслихатын өткізген жаттықтырушының сұхбатынан соң осыны ұғындық.

Журналистерден бөлек жанкүйерлер де қатысқан «Ордабасы» – «Ақтөбе» кездесуінен кейінгі баспасөз мәслихаты ара-тұра айқайға ұласып кетіп жатты. 

– Неге көңіл күйлеріңіз жоқ?, - деп бастады Бақтияр Даниярұлы, – өздеріңіз көрдіңіздер, бүгін өте қарқынды және психологиялық тұрғыда ауыр ойын болды. Өйткені, біздің турнир кестесінде 3-ші, 4-ші немесе 5-ші орын ауымыз қосамжарлана өткен ойындарға да байланысты еді. Бәрі де Көкшетаудағы кездесуден кейін басталды. Мен баспасөз беттерінде де айттым, тиісті органдарға да шағымдандым. Бірақ мені ешкім тыңдамады. Сол матчты Астанаға ауыстыратын шығар деп үміттенгенмін. Себебі, Көкшетауда футбол ойнау мүмкін емес еді. Өкінішке қарай, сол матчты жеңіліп қалдық та, жағдайымызды қиындатып алдық. Енді келесі маусымда сіздердің тағатсыздана күтіп жүрген 3-орындарыңызға қол жеткізуге тырысамыз.

– Осының біраз уақыт бұрынғы жанкүйерлермен өткен кездесуде «Үшінші орын алмасақ, командадан кетемін» деп уәде берген едіңіз. Сөзіңізде тұрасыз ба?

– Көреміз. Құдай қаласа, көреміз.

– Негізі, «Ертіс» қола жүлдеге лайықты. Біз үшінші орын алсақ ұят болар еді...

– Иә, мүмкін солай шығар.

– Келесі жылға қай футболшыларды қалдыратындықтарыңызды шештіңіздер ме?

– Маған он күн беріңіздерші, содан кейін осы сұраққа қайта оралармыз.

– Бақтияр Даниярұлы, сіз өзіңізді алып отырған айлығыңызға, жеп жатқан наныңызға кәсіби маман ретінде лайықпын деп есептейсіз бе?

– Ха-ха-ха. Мұндайды «без комментариев» дейді.

– Шынында да «Ордабасы» соңғы бес-алты жылдағы ең нашар нәтижені көрсетіп отыр. Айтыңызшы, өзіңізге мұндай жағдай ұнай ма?

– Негізі баспасөз мәслихатына келе жатқанда басқаша ойлап едім. Команда ел чемпионатында 4-орынды иемденіп, Еурокубокқа қатысуға мүмкіндік алды. Мен сіздерді қуанатын шығар деп ойлағанмын.

– Несіне қуанамыз? 35-36 жастан асқан легионерлер келіп, 15-20 мың доллардан жалақы алып жатыр. Ал ойындары түкке тұрғысыз. Мысалға «ақтөбеліктер» бүгін біздің ойыншыларымызды шаң қаптырып кетіп жатты...

– Біріншіден, футболда чемпионаттан кейін команда жақсы нәтиже көрсетіп, еурокубоктық турнирге жолдама алса, жанкүйерлер қуанып, алғысын білдіріп жатады. Ал сіздерден лағынеттен басқа ешнәрсе естіп жатқаным жоқ. Егер сіздерге солай жақсы болса, мен жұмысымды тастап, кетіп қала алам. Бірақ ертең орныма қарны қампиған басқа біреу келеді, 10-орын алып береді. Сонда сіздер «әй, бұл қалай болып кетті? Неге бұлай болып қалды?» деп жүресіздерү Сол жақсы ма?

– Ақтөбе – бізден үш есе кішкентай қала. Бірақ бес рет ел чемпионы атанып үлгерді. Ал біз әлі жүлдеге де іліккен жоқпыз.

– Сол «Ақтөбе» қазір қайда? Айтыңызшы, «Ақтөбе» қай орында? Иә, біраз жыл жеңімпаз болды. Алайда, қазіргі жағдайы қалай. Олар Еуропа лигасында ойнамайды.

– Қайдағы Еуропаны айтып отырсыз? Еуропада қалай ойнайтындықтарыңызды бәріміз білеміз. «Чукаричкиден» масқара болып ұтылғанымызды бәрі мазақ қылып жүр.

– Ешқандай да масқара емес. «Чукаричкиден» ұтылып жатып, есепті теңестіріп үлгердік қой.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика