Бүгін, яғни 28 қазан күні ҚФФ Атқару комитетінің отырысы өтіп, онда отандық федерация президенті Ерлан Қожағапановтың өз еркімен отставкаға кетуі қабыл алынып, бұл мәселені Кезектен тыс сайлау конференциясына бекітуге берді.
Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты бүгін «Кезектен тыс сайлау конференциясы 28 қараша күні, Астанада өтеді» деп мәлімдеді. Аталмыш конференцияда жаңа президент сайлануы керек. Ендеше, бір айдан кейін анық-қанығын білетін боламыз...