Осыған дейін үш жыл қатарынан ел чемпионатында бірінші кезеңнен кейін командалардың жинағае ұпайлары екіге бөлінетін. Бірақ былтырғы чемпионаттан кейін «Қайрат» басшылығы бұл жүйені сынға алып, соның кесірінен чемпиондықтан айрылып қалғаны үшін шағымданды. Бас бапкері Владимир Вайсстан бастап клуб басшылығына дейін осы мәселені көтерді.
Бірақ, барды бар деп айту керек, шынымен де былтыр ұпайлар шегерілмегенде алматылықтар чемпиондықты тойлап жатуы мүмкін еді. Бәлкім, содан кейін шығар, биылдан бастап Премьер-лигада бірінші кезеңнен кейін командалардың ұпайлары шегерілмейтін болды. Дегенмен, бағы мен бабы қатар шапқан «Астана» бәрібір чемпион атанды.
Ал былтырғы маусымнан кейін «Қайрат» басшылығы «жыламай», сол жүйе сақталып қалғанда қалай болар еді?
Онда чемпиондықтың тағдыры соңғы турда шешілер еді. Ал маусымның соңғы турында «Астана» Павлодарға қонаққа барып, «Қайраттың» өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдайтынын жақсы білеміз.
Сондай-ақ, «Ордабасы» Премьер-лига турнир кестесінде 3-ші орында тұрып, 8-орынға көтерілетін «Ақжайық» маусымдағы мақсатын орындап қояр еді.