Вернуться к списку статей

ФИФА рейтингісі – Қазақстан жеті саты төмен сырғып, Өзбекстан Ресейден озып кетті

Футбол
2K
Қазан айында Қазақстан құрамасы жеті саты төмен сырғыды. Фото: kff.kz
Бүгін ФИФА ұлттық құрамалар арасындағы ай сайынғы рейтингті жаңғыртты. Онда ерлер арасындығы Қазақстан құрамасы жеті саты төмен сырғып, 90-орынға орналасыпты.

Өткен айда түзілген рейтингте жоғары өрлегенбіз. 83-орынға дейін көтеріліп, бөркімізді аспанға атқанбыз. Енді ше, бұл біздің құраманың егеменді ел болғалғы ең жоғары көрсеткіші еді. Бұл жолы төмен сырғыппыз...

Е-е, кері жылыстамағанда қайтеміз, Подгорицада Қаратау (Crna Gora) құрамасынан 0:5 есебімен күйрей ұтылғанбыз. Одан кейін Астанада Румыния футболшыларымен 0:0 есебімен тең түстік. Сол абырой болды. Әйтпесе, жүздіктен де төмен сырғып кетуіміз ықтимал еді.

Ал біздің құраманы ойсырата жеңген Қаратау (Crna Gora) 49 саты жоғары өрлепті. Біз Қазақстан футболшыларына үлгі тұтқан Әзірбайжан құрамасы 45 орын жоғарылаған. Фарер аралдары да 37 саты көтерілген...

Енді ФИФА бүгін жариялаған қазан айының рейтингісіне көз жүгіртейік (қазіргі орындарынан кейін, жақшаның ішіндегі өткен айдағы орындары):

Үздіктер және Қазақстан:

1 (1). Аргентина – 1621 ұпай
2 (3). Германия – 1465
3 (4). Бразилия – 1410
4 (2). Бельгия – 1382
5 (4). Колумбия – 1361
6 (6). Чили – 1273
7 (8). Франция – 1271
8 (7). Португалия – 1231
9. (9). Уругвай – 1175
10 (11). Испания – 1168
11 (10). Уэльс – 1113
12 (12). Англия – 1090
13 (13). Италия – 1082
... 90 (83). Қазақстан – 386

Әлем чемпионаты іріктеу турнирінің «Е» тобындағы қарсыластарымыз:

15 (17). Польша – 1029
34 (32). Румыния – 746
50 (46). Дания – 606
56 (105). Қаратау (Монтенегро) – 570
125 (112). Армения – 270

ТМД елдері:

29 (29). Украина – 803
48 (49). Өзбекстан – 617
53 (38). Ресей – 594
77 (57). Беларусь – 452
88 (133). Әзірбайжан – 404
98 (117). Литва – 347
99 (108). Қырғызстан – 343
114 (116). Түркіменстан – 309
116 (95). Латвия – 306
119 (130). Эстония – 299
122 (137). Грузия – 276
140 (144). Тәжікстан – 227
173 (161). Молдова – 119

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика