Вернуться к списку статей

Бірінші лигада алты-ақ команда қалды

Футбол
1K
Бірінші лигада додаға түсіп жатқан он команданың төртеуі біріншілікті аяқтады. Енді төрт турдан кейін қалған алтауы мәреге жетеді.

БІРІНШІ ЛИГАНЫ ЕКІГЕ БӨЛУДІҢ НЕ ҚАЖЕТІ БАР ЕДІ?

7-10 орын үшін сынға түсіп жатқан командалардың ойындарын көріп, еріксіз «Бірінші лиганы екіге бөлудің қажеті бар ма еді?» деген ойға шомады екенсің. Не деген сұрықсыз ойындар еді... Кім үшін алаңға шығып жатқан футболшылар?.. 100-200 көрермен деген не мазақ? Иә, Теміртау мен Шымкентте өткен «Шахтер-Болат» – «Бәйтерек» және «Қыран» – «Байқоңыр» матчтарын тамашалауға осынша-ақ көрермен жиналған. Шыны керек, тіпті, Астана біріншілігінің ойындарының өзіне кейде бұдан көп адам жиналады. Ал бұл Бірінші лига ғой, әуесқой емес, кәсіпқой футбол. Демек, не жүйе дұрыс емес, не аталмыш клубтардың маркетинг бөлімдері дұрыс жұмыс жасамайды.

7-10 ОРЫНДАР ҮШІН

Жарайды, алаң жиегіндегі нәрселерді ысыра тұралық. Бұл өзі бір бітпес әңгіме. Одан гөрі ойындарға оралайық. 7-10 орындар үшін сынға түскен командалар біріншілікті аяқтады. Турнир кестесінің тұңғиығында – «Бәйтерек». Теміртауға қонаққа барған «бразилиялық» жеткіншектеріміз жеңіп жатып, жеңісті уыстарынан шығарып алды. Әйтпегенде, соңғы орыннан қашып құтылар еді.

«Байқоңыр» жарады. Қызылордалықтар «Қыранмен» кездесу үшін Шымкентке барған. Ойын тағдырын Дастан Дүйсембаевтың екінші таймның ортасында соққан голы шешті. Осылайша Қанат Шерімбетов шәкірттері «Бәйтерек» сыйлаған соңғы орынды елордалықтардың өздеріне қайтарып берді.

1-6 ОРЫНДАР ҮШІН

Премьер-лига жолдамаларынан үмітті үш команда да синхронды түрде кезекті үш ұпайларына қол жеткізді. Петропавлдың «Қызыл-Жары» «Екібастұзды» 4:2 есебімен естен тандырған. «Алтай» Ақтаудың «Каспиіне» жауапсыз бес гол соқты. Дегенмен, сонда да көш басындағы «Қайсарға» бір табан болса да жете алмады. Өз алаңында Жетісайдың «Мақтааралын» қабылдаған қызылордалықтар Олег Хромцовтың соңғы минутта соққан пенальтиінің арқасында чемпиондыққа бір қадам жақындады. Енді алда төрт тур қалды. Әзірге Сыр командасы басты бәсекелесі «Қызыл-Жардан» 11 ұпайға алда. Яғни, келесі турда Сұлтан Әбілдаев шәкірттері түзде «Каспиймен» сәтті ойнаса, онда Премьер-лига жолдамасын рәсімдей береді деген сөз. Ал «Алтай» чемпиондықтан күдерін біржола үзді. Дегенмен, кім біледі, Сергей Тимофеев шәкірттері тоғыз ұпайдан әлі де үміттерін үзген жоқ.

БІРІНШІ ЛИГАНЫҢ 24-ТУРЫ

1-6 орын

«Қызыл-Жар СК» (Петропавл) – «Екібастұз» 4:2 (2:0)

Голдар: Аверченко 17 (1:0), Струков 36-пен (2:0), Джамаришвили 50 (2:1), Струков 51 (3:1), Ступич 89 (4:1), Жарынбетов 90+1 (4:2)
Ескертулер: Сапарғалиев 60 – Оразалиев 20

«Қызыл-Жар СК»: Зәкіров, Гунченко, Соколенко (Перцух 64), Аверченко (к), Аитов (Ступич 65), Алиев, Мульдинов (Гридин 71), Сапарғалиев (Бурцев 81), Струков, Седельников, Видич

Резерв: Калмыков, Голубничий, Серғалиев, Сұлтанов, Байжанов
«Екібастұз»: Нарымбаев, Жарынбетов, Саденко (Әубәкіров 70), Червов, Омаров (Мырзабаев 41), Сүлейменов, Оразалиев, Айменов, Бралин (к), Аллаяров (Зейноллин 66), Джамаришвили (Қуанышев 72)

Резерв: Айдарғалиев, Әнуарбеков

Төрешілер: Сариев (Орал), Дауанов, Джаспенов (екеуі де – Алматы)

Петропавл. «Қарасай» стадионы. 2 000 көрермен.

«Алтай» (ШҚО) – «Каспий» (Ақтау) 5:0 (3:0)

Голдар: Шафф 7, Нұрғалиев 13, Умашев 39, Шакин 57, Шафф 90+1-пен.
Ескертулер: Шафф 81, Мұқанов 87, Жағыппар 88, Сәкенов 90+3 – Қабылан 52, Овчинников 81, Пасеченко 90.

Қызыл қағаз: Мусса 18

«Алтай»: Колбунцов, Умашев, Тәңірбергенов, Құлахметов (Мұқанов 59), Карпович (к) (Жағыппар 67), Шафф, Шакин, Сәкенов, Нұрғалиев (Е.Шмидт 71), Димов, Колодин

Резерв: Котляр, Халелов, Щеткин

«Каспий»: Овчинников, Озғанов (Елтаев 46), Таңжарықов, Қабылан (Жаныбаев 80), Пасеченко, Шевченко, Утробин (Нәбиханов 46), Яковлев, Қайраллиев, Арменов (к), (Сердюков 78), Мусса

Резерв: Аязбаев, Коне, Жақыпов

Төрешілер: Қумашев (Астана), Кольев (Павлодар), Қасенов (Астана)
Семей. «Спартак» стадионы. 1 000 көрермен.

«Қайсар» (Қызылорда) – «Мақтаарал» (ОҚО) 1:0 (0:0)

Голдар: Хромцов 90+3-пен.

Ескертулер: Молтусинов 11, Алтаев 76 – Балтабаев 83, Иманов 90+2, Мыңбаев 90+3

«Қайсар»: Исламқұлов, Кейлер, Қалмұратов (Жақаев 53), Молтусинов, Нәрзілдаев (Алтынбеков 46), Алтаев (Нүсіп 81), Сахалбаев (к), Граф, Марушко, Күнов (Ілиясов 90+3), Хромцов

Резерв: Рушинас, Сейітханов, Кеңесбек, Вяткин, Марочкин

«Махтаарал»: Кувшинов, Бақтияров (Ілімов 66), Балтабаев, Мәжитов (Қамбил 46), Аллашүкіров, Задорожный, Махамбетов, Покатилов (Мыңбаев 72), Шубаев (Иманов 46), Зверев, Алекперзаде

Резерв: Хамытбеков, Әбутов

Төрешілер: Омаров (Алматы), Субботин, Мортин (екеуі де – Ақтөбе)

Қызылорда. Ғ.Мұратбаев стадионы. 4 000 көрермен.

7-10 орындар

«Шахтер-Болат» (Теміртау) – «Бәйтерек» (Астана) 1:1 (0:0)

Голдар: Мұқанов, 50 (0:1). Васильев, 71 (1:1).

Ескертулер: Тарасов 90+3 — Мірсәлімбаев 77, Құлекенов 90+3

«Шахтер-Болат»: Матаев, Алексеев (Федоров 46), Щербаков, Кәрімов, Жақыпов, Васильев, Жолшорин, Тарасов, Наурызбаев, Бернацкий (к), Ахмеев (Базарнов 58)

Резерв: Мехбалиев, Лунев, Тимершин, Наркескен, Буртовой, Рақышев

«Бәйтерек»: Дулатов, Әубакіров, Батырбеков, Гладченко (к), Еркен (Сәдіров 68), Құлекенов, Мірсәлімбаев (Сайфулин 90+3), Мұқанов, Сіләмбеков, Хуснадинов, Пасичник

Резерв: Черных, Әбдеш, Әдбразақов, Дәулетбаев, Мұхаметжанов, Мұханбет, Қожабеков
Төрешілер: Жантуғанов (Қызылорда), Долгих (Павлодар), Әбдікеров (Қызылорда)
Теміртау. «Металлург» стадионы. 100 көрермен.

«Қыран» (Шымкент) – «Байқоңыр» (Қызылорда) 0:1 (0:0)

Голдар: Дүйсембаев, 71.

Ескертулер: Сүлейменов 54 – Дүйсембаев 39, Аяжан 73, Тілеуов 90, Жолдасов 90+3

«Қыран»: Қаленов, Жақсыбайұлы, Жақсыбек (Бөрібай 56), Жәнібеков, Аметов (Балтабеков 46), Төреханов, Ермырзаев, Нохрин, Азаматов, Фильчаков (Э.Набиев 60), Сүлейменов (Шәмші 69)

Резерв: Тоқтарбай, Мырза, Жолдасов, Увалиев, Өмірзақов

«Байқоңыр»: Тілеуов, Кемалұлы, Рүстемов, Тілеуқабылов (Жолдасов 28, Ыбыраев 90+3), Рахметов, Балымбетов, Аяжан (Жұмабаев 81), Дастанов, Дүйсембаев (Дүйсенбаев 79), Қарабек (к), Төлегенов

Резерв: Салайдин, Төлегенұлы

Төрешілер: Лесив (Семей), Жүнісов (Астана), Жүнісов (Алматы)

Шымкент. Қажымұқан стадионы. 200 көрермен. 


Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика