“Шахтер” кеш қимылдады...
Соңғы үш турда, оның екеуінде түзде жеңіске жеткен «Шахтер» бүгін өз алаңында сүрінді. Екінші алтылықтың “көшбасшысын”, яғни «Тобылды» қабылдап, бір доп айырмасымен ұтылып қалды.
Кім біледі, егер бірінші таймда Сергей Скорых пенальтиден мүлтіксіз орындап, гол соққанда, бәрі де басқаша болар ма еді? Алайда Сергей Яворскийдің айып алаңы ішінде қолмен ойнағаны үшін берілген пенальтиді «Шахтердің» тәжірибелі ойыншысы мүлт жіберді.
Бір қызығы, бірінші таймда гол соғылмай, екіншісінде бес рет ойынды ортадан бастауға тура келді. Әуелі «Тобыл» көсіле сілтеп, үш гол соқты. Алайла, алаң иелері еңселерін көтеріп, есепті мейілінше қысқартты.
Бұл ретте «Шахтердің» бас бапкері Алексей Еременконың ойыншыларын қте сәтті ауыстырғандығын айта кеткеніміз жөн. Алаңға шыққан тың футболшылары жанкештілік танытып, екі гол соқты. Әуелі Оралхан Өміртаев тамаша пасымен Симоновскийді алдыға шығарып жіберсе, көп ұзамай Македония шабуылшысы екінші рет гол соғып, есепті мейілінше қысқартты.
Қалған уақытта алаң иелері таразы басын теңестіруге тырысты-ақ. Алайда бұл жолы «Жетісумен» ойнағандағыдай «Манчестер Юнайтедтің» ерлігін қайталаудың сәті түспеді.
«Шахтер» – «Тобыл» – 2:3
Голдар: Хижниченко, 53 (0:1). Шимкович, 67 (0:2). Деак, 76 (0:3). Симоновски, 82 (1:3). Симоновски, 85 (2:3).
27-минутта Скорых пенальти соға алмады
«Шахтер»: Багинский, Тарасов, Садовничий, Василевич, Пикалкин, Сзоке, Скорых (Өміртаев, 75), Горячий (Нұрыбеков, 63), Тәттібаев (Симоновски, 63), Байжанов, Зошак.
«Тобыл»: Логиновский, Мирошниченко, Гурман, Яворский, Главина, Мухутдинов, Жұмасқалиев, Деак (Кұрғулин, 80), Савич (Досмағамбетов, 78), Шимкович, Хижниченко (Асильдаров, 77).
Аутсайдерлер кездесуінде “Тараз” басым түсті
«Тараз» бен «Ақжайық» арасындағы матч аса тартысты өтті. Жеті ойыншы (төртеуі алаң иелері сапынан) ескерту алды. Бір қызығы, екі футболшыға сары қағазды үзіліс кезінде көрсетілді. Бірінші тайм аяқталған бетте Сергиенко мен Яковлев төбеелсіп қала жаздады.
Бірінші гол пенальтиден соғылды. Малик Мане мүлт кеткен жоқ. Екінші таймда Марат Шахметовтің баспен соққан голы әдемі болды. Десек те, Әлішер Сүлейдің алыстан соққан голы керемет болды. Теңбіл доп бағытын өзгертіп, шыр айнала ұшып, қақпашы сан соқтырып кетті.
Сөйтіп, «Тараз» соңғы секундтарда жеңіске жетіп, «Ақжайықтан» асып түсті. Енді соңғы орында – тараздықтар емес, оралдықтар. Юрий Максимовтің шәкірттерінің екі ұпайы артық. Енді Вахид Масудовтың жігіттеріне “қамшыны” басу керек.
Нақтырақ айтар болсақ, «Тараз» 29 ойыннан 28 ұпай жинап, 11-орынға көтерілсе, тура осынша матчтан 26 ұпай еншілеген «Ақжайық» 12-орынға ығысты. Ал биылғы маусымдағы ел чемпионатының аяқталуына үш-ақ тур қалды...
«Тараз» – «Ақжайық» – 2:1
Голдар: Мане, 19-пенальтиден (1:0). Шахметов, 87 (1:1). Сүлей, 90+1 (2:1).
«Тараз»: Григоренко, Киров, Мера, Воротников, Данилюк, Григорьев (Таубай, 46), Яковлев, Пищур, Мане (Әмірханов, 85), Сүлей, Тәжімбетов.
«Ақжайық»: Төлебаев, Омаров, Сапанов, Одибе, Сергиенко (Рубио, 71), Говедарица, Ортиз, Розыбакиев, Валиуллин (Антипов 57), Дудченко, Лечич (Шахметов, 75).