Вернуться к списку статей

Румыния құрамасы Қазақстан мен Арменияға келетін құрамын жариялады

Футбол
2K
Румыния футболшылары. Фото: frf.ro
Қазан айының бірінші жартысында 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде екінші және үшінші турдың ойындары өтеді. Румыния құрамасы осы ойындарға ертерек қамданып, дайындықтарын бастап та кеткен сияқты.

Жексенбі күні Румыния футбол федерациясы Арарат аңғары мен Сарыарқа төсіне жол шегетін ұлттық құрамасының сапын жариялады. Бұл елдің Кристоф Даум жаттықтыратын құрамасы 8 қазан күні Армениямен, ал 11 қазанда Қазақстанмен түзде ойнайды.

Румыния құрамасының бас бапкері 27 ойыншыға шақырту жіберіпті. Жаттығу жиынын 3 қазанда бастап, Могошоая ұлттық футбол орталығында тер төгеді екен. Жалпы, Даумның таңдауы мына футболшыларға түскен:

қақпашылар – Костел Пантилимон («Уотфорд», Англия), Чиприан Тэтэрушану («Фиорентина», Италия), Силвиу Лунг («Астра»), Флорин Ницэ («Стяуа»);

қорғаушылар – Рэзван Рац («Райо Вальекано», Испания), Космин Моци («Лудогорец», Болгария), Кристиан Сэпунару («Астра»), Ромарио Бензар («Вииторул»), Драгош Григоре («Аль-Сайлия», Катар), Стелиано Филип («Динамо»), Алин Тошка («Стяуа»), Валерикэ Гэман («Карабюкспор», Түркия), Габриэл Энаке («Стяуа»), Ясмин Латовлевич («Карабюкспор», Түркия);

жартылай қорғаушылар – Александру Максим («Штутгарт», Германия), Эрик Бикфалви («Томь», Ресей), Овидиу Хобан («Хапоэль Беэр-Шева», Израиль), Николае Станчу («Андерлехт», Бельгия), Александру Кипчу («Андерлехт, Бельгия), Рэзван Марин («Вииторул»), Адриан Попа («Стяуа»), Андрей Препелицэ («Ростов», Ресей), Дорин Ротариу («Динамо»);

шабуылшылар – Флорин Андоне («Депортиво», Испания), Богдан Станку («Генчлербирлиги», Түркия), Клаудиу Кешеру («Лудогорец», Болгария), Денис Алибек («Астра»).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Румыния футболшыларын 11 қазан күні қабылдайды. Матч біздің уақытпен 22:00-де басталады.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика