– Қазақстанға қош келіпсіздер! Жалпы, стадион алаңының сапасы жайлы не айтасыз?
– Стадионда жаттығу жасадық. Синтетикалық алаң біз үшін таңсық емес. Еуропада мұндай ареналар жеткілікті.
– Астана қаласын зерттеп үлгердіңіздер ме?
– Біз бірінші кезекте ойынға өте көп уақыт бөлеміз. Мұнымен айналысатын арнайы адамдарымыз бар. Мысалға алдын-ала барлау үшін мамандар жіберіп, Астананың әсем жерлерін, стадионның іші-қуыстарының барлығын зерттеп шығуды тапсырғанбыз. Сондықтан, қолымызда Қазақстан ұлттық құрамасы, Астана қаласы туралы мәліметтер баршылық. Ертеңгі ойынға тас-түйін дайынбыз.
– Ертеңгі матчқа қандай мақсат қойып отырсыздар?
– Бұл біздің осы іріктеу додасындағы бірінші ойынымыз. Сондықтан, бірден сәтті бастағанымыз дұрыс болар еді. Әлбетте, ертеңгі ойыннан тек үш ұпай алуға тырысамыз. Мен бұған сенімдімін.
– Қазақстан ұлттық құрамасын әбден зерттеген шығарсыздар. Қай ойыншыны атап өтер едіңіз?
– Иә, Қазақстан ұлттық құрамасының ойынын әбден зерттедік. Біз үшін ең қиыны, Қазақстан өз алаңында, жанкүйерлерінің алдында бар өнерлерін көрсетуге тырысатын болады. Ал ойыншыларына аса мән бермедім. Команда ретінде мықты екендіктеріңізді аңғардым. Бастысы, өзімнің ойыншыларым жақсы ойнап, мен ұсынған тактиканы бұлжытпай орындайтын болса, онда жеңіс бізде болмақ.