Осыдан бірер күн бұрын отандық БАҚ екі адамның телефонмен сөйлескен сөздерінің аудиожазбасын жариялап, олардың «Ордабасы» клубының бас бапкері Бақтияр Байсейітов пен «Ақтөбе» командасының бас директоры Дмитрий Васильев болуы мүмкін деген жорамалдар айтылған.
Осыған орай, Қазақстан футбол федерациясының президенті сараптау комиссиясын құрған болатын. Сол комиссия өз өкілеттігіне сай екі адамның аудиожазбадағы сөздерімен таныса отырып және Қазақстан футбол федерациясының Төрешілер комитеті тұжырымын қарап шығып, төмендегідей шешімдер қабылдаған:
1. 2016 жылғы Қазақстан чемпионатының премьер-лигасындағы ХХII және ХХIII турларда өткен «Ақтөбе» мен «Ордабасы» клубтары арасындағы матчтарда «келісілген ойын» нышандары болған жоқ деп бағалау.
2. Комиссия ҚФФ президенті мен Атқару комитетіне аудиожазбадағы сөздердің шынайы болғандығын арнайы жолдармен тексеруді талап ететін өкілеттігі жоқ екендігін хабарлау.
Сонымен, Сараптау комиссиясы өз бағасын беріп, шешімін шығарды. Енді не болады екен? Бұл аудиожазба әрі қарай тексерілмей, осы күйінде қала ма? Әлде жалғасы бола ма?