Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан бөлек, айыр қалпақты ағайындарымыз 6 қыркүйек күні Филиппин футболшыларымен де жолдастық кездесу өткізеді. Екі матч та 23 мың көрермен сиятын Долон Өмірзақов атындағы «Спартак» стадионында өтеді.
Осыған байланысты қырғыздар оқу-жаттығу жиындарын 25 тамыздан бастамақ. Александр Крестинин бұл жиынға 23 футболшыны шақырып отыр. Сондай-ақ, «Абдыш-Ата» қақпашысы Қалыс Акималиев те жиынға қатысады. Бірақ негізгі тізімге ілікпейді.
Тағы бір қызығы, 23 футболшының 11-і ішкі чемпионатта емес, шет елдердің біріншіліктерінде өнер көрсетеді. Арасында Ресей Ұлттық футбол лигасында, Голландия, Түркия, Германия, Бахрейн, Тайланд, Украина, Беларусь чемпионаттарында доп тебетіндер де бар.
Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан – Қазақстан матчы 30 тамыз күні Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Одан кейін Талғат Байсуфинов шәкірттері 4 қыркүйек күні елордамыздың «Астана-Аренасында» 2018 жылғы әлем біріншілігі іріктеу додасының аясында Польшаны қабылдайды.
Қырғызстан ұлттық құрамасы:
Қақпашылар: Павел Матяш (клубсыз), Валерий Кашуба («Дордой»), Руслан Жаныбеков («Алга»).
Қорғаушылар: Азамат Байматов («Аль-Риффа», Бахрейн), Тамирлан Қозубаев («Дордой»), Валерий Кичин («Енисей», Ресей), Виктор Майер («Эммен», Голландия), Дэниел Тэго («Хала», Бахрейн), Ильяз Алимов, Акрам Умаров (екеуі де – «Алай»), Владимир Казакбаев («Абдыш-Ата»)
Жартылай қорғаушылар: Бахтияр Дүйшөбеков («Крумкачы», Беларусь), Фархат Мусабеков («ТСК-Таврия», Крым), Эдгар Бернхардт («Роденхаузен», Германия), Ахлидин Исраилов («Днепр Черкассы», Украина), Антон Землянухин («Сисакет», Тайланд), Азиз Сыдыков, Ислам Шамшиев, Кайрат Жыргалбек уулу (бәрі де – «Дордой»), Павел Сидоренко («Алга»), Одил Абдурахмонов («Алай»)
Шабуылшылар: Виталий Люкс («Унтерхахинг», Германия), Мирлан Мурзаев («Ушакспор», Түркия).