Вернуться к списку статей

Айсұлтан Назарбаев комиссия құрып, шет елдерден сарапшылар шақыруды ұсынды

Футбол
2K
«Ютуб» арнасында «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Бақтияр Байсейітов пен «Ақтөбе» директоры Дмитрий Васильевке ұқсас екі адамның телефон арқылы сөйлескен сөздері жарияланды.

Бүгін Қазақстан футболында «бомба жарылды». Тіпті, Елбасының немересі Айсұлтан Назарбаевты да бей-жай қалдырмады. Түс ауа ғаламторды шулатқан телефон жазбасында Байсейітов пен Васильевтің дауыстарына ұқсас екі еркектің әңгімесі анық естіліп тұр. Шамасы, 4:4 есебімен аяқталған Ақтөбедегі кездесуден кейінгі сұхбат секілді.

Кешке қарай Айсұлтан Назарбаев өзінің Фейзбуктегі парақшасына былай деп жазды:

 – Сіздер бұл жазбаны ендігі көрген де немесе естіген де шығарсыздар. ҚФФ жаңалығы Рио ақпараттарынан да асып түсті. Жазбадағы дауыстар анық естіліп тұр. Әйтсе де, мен естігенімнен қорытынды шығаруға асықпаймын, әзірше 1% болсын, мұның фэйк (жалған) екендігі ықтимал болғандықтан, біз оларды жазғыра алмаймыз.

Бірақ, егер осы шын болса, егер бұл жазба нақты болып шықса, егер бұл біздің футболымыздағы дәлме-дәл сипаты болса, онда мен бұл жазбадағы әрбір сөзді құқық қорғаушы органдардың тексеруні талап етемін. Біздің құзырлы қызметтердің енді бұл жағдайды әлдекімнің «Өзімнің бас прокурор досыммен сөйлестім. Ол меннен, Ерлан, сен қалай болғанын қалайсың, – деп сұрады» секілді сөздерімен түсінік беруіне жол бермейтіндігіне сенімдімін.     

Бұл ретте, ҚР құқық қорғаушы барлық органдарының басшыларына ҚФФ құрметті президенті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екендігін естеріне сала кеткім келеді. Бұл жерде ұлттық футболымыздың ғана емес, халықаралық аренадағы біздің еліміздің де беделі нұқсан келуі мүмкін.

Бұл жағдайда не істеуіміз керек? Жасырып, жабулы қазан күйінде қалдырамыз ба? Әлде қандай да бір шара қолданған жөн бе?

Мен жоғарыла аталған ақпарат фактісін тергеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құрылғанын күтемін. Оның құрамына ҚФФ өкілдері емес, барлық мүдделі мекемелердің басшы орынбасарынан төмен емес қызметкерлері енуі керек. Комиссия (нақтылап айтамын, өркениетті мемлекеттерде жүргізілетіндей комисия толық құрамда) барлығынан жауап алуы керек:

– Васильевтен;

– Байсейітовтен;

– «Ордабасы» және «Ақтөбе» қызметкерлерінің бәрінен, массажшылары мен футболшыларынан да түгелдей, жеке-жеке!;

– төрешілер мен осы матчтың ресми адамдарынан;

– ҚФФ Төрешілер алқасының басшысынан;

– ҚФФ әртүрлі деңгейдегі жетекшілерінен;

– ҚФФ президентінің өзінен.

Комиссия бірнеше сұраққа жауап беруі керек. Ең әуелі, жазба қолдан жасалмаған түпнұсқалық па? Толығымен әділ жүргізілуі үшін сарапшылар ретінде бірнеше беделді еуропалық компанияларды жалдау қажет. Бұл компаниялардың ақысын мен тіпті өз қалтамнан төлеуге дайынмын.

Осы беделді комиссия тергеу аясында ҚФФ мен біздің футболымыздағы барлық бюджеттік клубтарды тексеріп, қаржы есептерінің аудитін толықтай жүргізуі керек. Жетеді, ашық бюджет туралы бос былшылды тыңдай-тыңдай жалықтық.

Әлемде құқық қорғаушы жүйенің ұлттық футболды бірден тазартуға көмектескен бірнеше үлгілері бар. Бұл әрине жанға батады, бірақ шіріктің осындай деңгейін тазарту үшін керек-ақ.

ҚФФ басшылары тура осы кезеңде өздерінің былғаныс қолын ұлттық бюджетке салып, одан осы ұйым өз жұмысын жүргізіп келе жатқалы ең «ірі балықты» суырып алып шықпақ.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика