Вернуться к списку статей

Ақтөбеде "Вася кет" тренді пайда болуы мүмкін

Футбол
1K
Жақын арада бұл акцияға басқа жанкүйерлер қосылулары мүмкін.

«Ақтөбе» фанаттары клуб басшылығына наразылықтарын ашық білдіріп жүр. Дәл қазір жанкүйерлерінің әлеуметтік желідегі парақшасында Әнуар Танкеев есімді фанаттың әрекеті қызу талқыға түсіп жатыр.

«Ақтөбе» фанаты ақ түсті Toyota Land Cruiser көлігінің сол жақ бетіне «Красно-белые Вася КЕТ» деп, оң жағына «Ақтөбе чемпион» деп қызыл түспен жазып қойған. Жанкүйердің өзінің айтуынша, жазу оңай сүртіледі және одан көлік ешқандай зардап көрмейді. Дегенмен, аталмыш азамат жақын арада бұл акцияға басқа жанкүйерлер де қосылулары тиіс екендігін жеткізген.

Әнуар Танкеевтің бұл әрекеті қазір «Ақтөбе» жанкүйерлерінің әлеуметтік желідегі парақшасында қызу талқыға түсіп жатыр. Көпшілігі әзіл деп қабылдаса, арасында «енді қоғамдық көліктердің барлығына осылай жазып шығу үшін автопаркпен келісу керек» деген ұсыныс тастағандар да бар.

Жалпы, Танкеевтің өзінің көлігін оқта-текте болса да бояп тұратын секілді. Әлеуметтік желідегі парақшасында «спасибо за дочку» деп жазылған көлігінің де суреттері тұр.

Ал Дмитрий Васильев пен «Ақтөбе» жанкүйерлері арасындағы жағдайдың ушығып тұрғаны рас. Мәселен, 24 маусым күні Көкшетауда «Оқжетпестен» ойсырай ұтылғаннан кейін фанаттар клуб директорын дөрекі түрде қарсы алған болатын.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика