Вернуться к списку статей

Самат Смақов "Ордабасыға" ауысты

Футбол
1K
Самат Смақов
Енді Самат «Ордабасы» сапындағы өзінің алғашқы ойынын 13 тамыз күні өзінің бұрынғы командасы «Ақтөбеге» қарсы өткізеді.

Жазғы трансферлік кезеңде «Ақтөбеден» кеткен Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Самат Смақов «Ордабасы» футбол клубына ауысты.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын өзінің «туиттердегі» жеке парақшасында «circus» (цирк) деген жазба қалдырған Смақов «Ақтөбе» басшылығымен келіспегендіктен келісімшартты мерзімінен бұрын үзген болатын. Енді ол өзіне жаңа команда тапты. Бүгін «Ордабасы» футбол клубының ресми сайты қорғаушымен келісімшартқа отырғандығын мәлімдепті. Келісімшарт осы маусымның соңына дейін жарамды.

37 жасар Самат Смақов кәсіпқой футболдағы карьерасын 1997 жылы Семейдің «Елімайында» бастаған. Одан кейін «Ертіс», «Ростельмаш» (Ресей), «Жеңіс», «Қайрат», «Ақтөбе» және «Ризеспор» (Түркия) клубтарында доп тепкен. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 74 ойын (рекорд) өткізген. Еліміздің алты дүркін чемпионы, екі рет ел кубогын және суперкубогын жеңіп алған. Төрт мәрте Қазақстанның үздік ойыншысы атанған.

Енді Самат «Ордабасы» сапындағы өзінің алғашқы ойынын 13 тамыз күні өзінің бұрынғы командасы «Ақтөбеге» қарсы өткізеді.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика