Бүгін ХVII тур ойындары өтті. Голға сараң болған бұл жексенбіде бес ойында бар болғаны алты-ақ гол соғылды.
Ақтауда есеп ашылмады
Каспий теңізінің жағасында теңізбен аттас команда Қызылорданың «Қайсарын» қабылдаған. Екеуі де соңғы кездері әжептеуір қарқын алып, соңғы үш ойындарын жеңіспен аяқтаған. Алаң иелері 5 маусымнан бері әлі жеңілістің кермек дәмін татып көрген жоқ. Сыр командасы тіптен осы маусымда әлі ұтылған емес. Сондықтан, бұл матч екі жақ үшін де маңызды болды. Ойын тізгіні турнир көшбасшыларының қолында болып, Сұлтан Әбілдаев шәкірттері гол соғатын біраз мүмкіндікке ие болғанымен таблодағы көрсеткіш сол күйі өзгермеді. Қорытынды есеп – 0:0.
«Каспий» (Ақтау) – «Қайсар» (Қызылорда) 0:0
Ескертулер: Сердюков 28 – Нәрзілдаев 30, Марушко 32.
«Каспий»: Аязбаев (к), Елтаев, Таңжарықов, Қабылан (Жанысбаев 75), Пасеченко, Коне, Шевченко, Қадырбаев, Яковлев (Мусса 56), Қайраллиев, Сердюков (Ешенқұл 72)
Резерв: Овчинников, Алқамбеков, Қызылтаев, Сарғұлов, Нәбиханов, Жақыпов
«Қайсар»: Исламқұлов, Кейлер, Ілиясов, Жахаев, Нәрзілдаев (Нүсіп 78), Алтаев, Сахалбаев (к) (Вяткин 46), Граф, Марушко (Молтусинов 71), Күнов, Хромцов (Павинич 56)
Резерв: Рушинас, Махан, Сейітқанов, Кеңесбек, Керімжанов
Төрешілер: Бобров (Қарағанды), Калачев (Атырау), Талапкеров (Орал)
Ақтау. «Мұнайшы» стадионы. 2 500 көрермен.
Қажымұқан стадионындағы қақтығыс
Шымкенттің Қажымұқан атындағы Орталық стадионында да 0:0 есебі тіркелді. Жергілікті «Қыран» Премьер-лига жолдамасынан басты үміткерлердің бірі «Қызыл-Жарды» қабылдаған. Ойын бір сыдырғы өтіп, екі жақ та гол соға алмады. Осы кездесуден кейін шымкенттіктер турнир кестесінде жетінші орынға түсіп қалды. Өйткені, басты бәсекелестері «Екібастұз» өз алаңында «Бәйтеректі» тізе бүктірген болатын. Бұл туралы келесі абзацта.
«Қыран» (Шымкент) – «Қызыл-Жар» 0:0
Ескертулер: Балтабеков 40, Шәмші 52, Увалиев 56 — Мульдинов 44, Аверченко 68, Гунченко 78
«Қыран»: Қаленов, Жақсыбайұлы, Жәнібеков, Увалиев, Балтабеков, Е.Набиев, Ермырзаев (к), Нохрин, Азаматов, Фильчаков (Сүлейменов 78), Шәмші (Э,Набиев 83)
Резерв: Сейдахмет, Тоқтарбай, Қарабалаев, Мырза, Ахметов, Ахымбеков
«Қызыл-Жар СК»: Зәкіров, Гунченко, Соколенко, Аверченко (к) (Перцух 79), Алиев, Жанұзақов (Седельников 70), Мульдинов (Попадинец 87), Сапарғалиев (Бурцев 57), Ступич, Струков, Видич
Резерв: Голубничий, Серғалиев
Төрешілер: Абдуллаев (Қаратау), Жаспенов (Алматы), Русяев (Қарағанды)
Шымкент. Қажымұқан стадионы. 300 көрермен.
«Екібастұз» ебін тапты
Елорданың «Бәйтерегін» қабылдаған «Екібастұз» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймда есеп ашылмағанымен үзілістен кейін Айдын Бралин мен Аслан Сүлейменов бір-бір голдан соғып, алаң иелеріне жеңіс сыйлаған. Кездесудің 83-минутында Кирилл Пасичник пенальтиден есепті қысқарта алғанымен «Бәйтеректің» одан әріге шамалары жетпеді. Тіпті, матч 3:1 есебімен аяқталуы да мүмкін еді. Алайда Айдын Бралин соңғы минутта пенальтиді орындай алған жоқ.
Шамасы, үздік алтылықтың соңғы жолдамасын «Екібастұз» иеленетін секілді. «Қыранға» қарағанда мүмкіндіктері жоғары – бір ұпайы артық. Дегенмен, бәрі соңғы турдағы өзара айқаста шешіледі. Сол матчта «Екібастұзға» өз алаңында «Қыранмен» тең ойнаса да жеткілікті.
«Екібастұз» – «Бәйтерек» (Астана) 2:1 (0:0)
Голдар: Бралин 48 (1:0), Сүлейменов 69 (2:0), Пасичник 83-пен. (2:1)
Ойынның 90+1 минутында Бралин пенальти орындай алмады.
Ескертулер: Мырзабаев 24, Аллаяров 27, Айменов 54, Сүлейменов 82 — Батырбеков 26, Чулагов 27, Черных 90
«Екібастұз»: Нарымбаев, Чифин (Зейноллин 64), Омаров, Сүлейменов, Әнуарбеков, Айменов, Бралин (к), Головешкин (Червов 54), Қуанышев (Джамаришвили 85), Мырзабаев (Саденко 81), Аллаяров
Резерв: Айдарғалиев, Сотник, Жарынбетов, Әубакіров, Жұмкенов
«Бәйтерек»: Черных, Әбдразақов (Хуснадинов 69), Батырбеков, Гладченко (к), Мірсәлімбаев (Сайфулин 53), Мұқанов (Сәрсенғалиев 46), Оралбай, Сләмбеков, Тайкенов, Пасичник, Чулагов (Садыров 56)
Резерв: Дулатов, Әубәкіров, Еркен, Жақыпбаев, Тыныбек
Төрешілер: Жасыбай (Алматы), Якбаров, Серікболов (екеуі де – Семей)
Екібастұз. «Шахтер» стадионы. 1 500 көрермен.
«Мақтаарал» үздік үштікте
Оңтүстік Қазақстан облысының бір командасы үздіктер қатарына іліне алмаса да, екіншісі бар. «Мақтаарал» – «Шахтер-Болат» кездесуінде жалғыз голды соққан Гейсар Алекперзаде шымкенттіктерді үздіктер қатарынан бір-ақ шығарды.
«Махтаарал» (ОҚО) «Шахтер-Болат» (Қарағанды) 1:0 (1:0)
Голдар: Алекперзаде 33
Ескертулер: Әбутов 21, Алекперзаде 66 — Тарасов 11, Васильев 33, Жолшорин 67, Федоров 72
«Мақтаарал»: Кувшинов, Балтабаев, Рыбалко (Мәжитов 85), Қамбил, Әбутов (Задорожный 46), Аллашүкіров, Ыбраев (к), Иманов (Шубаев 78), Серікжанов, Зверев, Алекперзаде (Орынбеков 88)
Резерв: Хамытбеков, Бақтияров, Махамбетов, Тәжмағамбетов, Мыңбаев
«Шахтер-Болат»: Матаев, Щербаков (Наркескен 76), Кәрімов, Жақыпов, Базарнов (Алексеев 86), Васильев, Жолшорин, Тарасов, Федоров (Лунев 74), Наурызбаев, Ахмеев (Буртовой 46)
Резерв: Ақбұлан
Төрешілер: Чеховский (Астана), Белоградов (Павлодар), Айтбаев (Қызылорда)
Жетісай. 700 көрермен.
«Алтай» да алтылықта
Маусым барысында әбден зорлық көрген «Алтай» Қызылордада «Байқоңырды» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесінде 4-орынға көтерілді. Ойынның 24-минутында Сергей Шафф пенальтиден есеп ашса, үзілістен кейін Алексей Шакин таблодағы көрсеткішті еселеді.
«Байқоңыр» – «Алтай» 0:2 (0:1)
Голдар: Шафф 24-пен., Шакин 72.
Ескертулер: Төлегенов 5 – Димов 32, Жағыппар 46, Умашев 90
«Байқоңыр»: Таңатқанов, Кемалұлы, Рүстемов, Ыбыраев (Қуанышбеков 67), Балымбетов (Досманбет 87), Аяжан (Жұмабаев 82), Дастанов, Дүйсенбаев (Дүйсембаев 46), Төлегенов (к), Төлегенұлы, Жолдасов
Резерв: Салайдін, Рахметов, Сарбай, Серік, Ысқақов
«Алтай»: Колбунцов, Жағыппар (Құлахметов 90), Тәңірбергенов, Карпович (к) (Коструб 78), Д.Шмидт, Шафф, Шакин, Сәкенов (Умашев 60), Ерсәлімов, Димов, Заречный (Е.Шмидт 73)
Резерв: Котляр, Мұқанов, Колодин
Төрешілер: Сариев (Орал), Кольев (Павлодар), Стасенко (Талдықорған)
Қызылорда. Ғ.Мұратбаев стадионы. 500 көрермен.