Премьер-лигаға қайта оралуды көздеп жүрген қызылордалықтар бұл жолы «Екібастұзды» қабылдаған. Осал команда емес. Соңғы турға дейін турнир кестесінде үздік үштікте болған. Бірақ Сыр еліне сапары сәтсіз болды. Ойынның 3-ші минутында-ақ Олег Хромцов есеп ашса, араға 10 минут салып ардагер футболшы қонақтар қақпасынан тағы саңылау тапты. Үзіліске шыға берерде Айдын Бралин таблодағы көрсеткішті қысқартанмен «Қайсар» капитаны Руслан Сахалбаев алаң иелерінің үшінші голын соғып, «Екібастұздың» ес жиюына сол күйі мүмкіндік бермеді. Айтпақшы, қызылордалықтар осы маусымда жеңілістің кермек дәмін татпаған жалғыз команда. Ал алты ұпай айырмашылығына Семейде өткен «Спартак» – «Қызыл-Жар» кездесуінен кейін қол жеткізді.
Семейдегі ойын осы турдың орталық кездесуі болатын. Екінші минутта-ақ Андрей Карпович алаң иелерін алға шығарған. 27-минутта пенальтиден есепті еселейтін керемет мүмкіндік болды. Бірақ «Спартак» капитаны нүктедегі допты қақпаға дарыта алмады. Ал ойын соңында оралдық бас төреші Болат Қарлыбаев матчқа бақандай бес минут қосып, соның соңғысында қонақтар айып соққысы арқылы таразы басын теңестіріп кетті. Гол авторы – Сергей Струков.
Осылайша «Алтай» әзірге үздік алтылықтан тыс қалды. Оның орнына түзде турнир аутсайдері «Бәйтеректі» 4:1 есебімен тізе бүктірген Ақтаудың «Каспиі» кіріп кетті. Бапкер ауыстырғалы бері басқаша түлеп қоя берген теңіз тарландары елордада «бразилиялықтардың» түгін қойған жоқ. Бірінші таймда-ақ алаң иелерін 3:1 есебімен ұтып жатты да, екінші таймда тағы бір гол соқты.
Шымкенттің қос командасы «Қыран» мен «Мақтааралдың» да бұл турда көңілдері тоқ. Алғашқылары Теміртауда «Шахтер-Болатты» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Есепті алаң иелері бірінші болып ашқанымен 25-ші минутта-ақ шымкенттіктер таразы басын теңестіріп, 75-ші минутта Максим Фильчаков қонақтарға жеңісті жұлып әперді.
Ал жетісайлықтар өз алаңында «Байқоңырды» 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Сегізінші минутта-ақ ойын тағдыры шешіліп қойған еді. Асқар Әбутов пен Ақжол Серікжановтың жылдам голдарынан кейін қызылордалықтардың ес жия алмасы белгілі болған. Үзілістен кей ін Гейсар Алекперзаде матчқа қорытынды нүктесін қойды.
Бірінші лига
14-тур, 9 шілде
«Бәйтерек» (Астана) – «Каспий» (Ақтау) 1:4 (1:3)
Голдар: Ешенқұл, 14 (0:1). Ешенқұл, 20 (0:2). Оралбай, 21 (1:2). Сердюков, 37 (1:3). Қабылан, 64 (1:4).
Ескертулер: Гладченко 9, Оралбай 61, Пасичник 86.
«Бәйтерек»: Черных, Әубәкіров, Гладченко (к) (Сәрсенғалиев 76), Құлекенов (Еркен 69), Мірсәлімбаев, Мұқанов (Тайкенов 57), Оралбай (Сәдіров 90), Сіләмбеков, Хуснадинов, Букеев, Пасичник
Резерв: Дулатов, Әбдеш, Әбдразақов, Батырбеков, Тыныбек
«Каспий»: Овчинников, Озғанов (Нәбиханов 85), Елтаев (Қызылтаев 61), Қабылан, Пасеченко, Коне (к), Қадырбаев, Қайраллиев (Яковлев 66), Сердюков, Мусса, Ешенқұл (Шевченко 73)
Резерв: Аязбаев, Алқамбеков, Сарғұлов, Жақыпов
Төрешілер: Быстров (Сараң), Әбдікеров (Қызылорда), Долгих (Павлодар)
Астана. «Астана-Арена» стадионы. 100 көрермен.
«Қайсар» (Қызылорда) – «Екібастұз» 3:1 (3:1)
Голдар: Хромцов, 3 (1:0). Хромцов, 13 (2:0). Бралин, 45+1 (2:1). Сахалбаев, 45+2 (3:1).
Ескертулер: Ілиясов 52 – Мырзабаев 21
«Қайсар»: Рушинас, Кейлер, Ілиясов, Кеңесбек, Молтусинов, Вяткин (Нүсіп 71), Нәрзілдаев, Марочкин (Керімжанов 37), Сахалбаев (к) (Марушко 57), Алтынбеков, Хромцов (Павинич 57)
Резерв: Исламкулов, Жахаев, Сейітқанов, Граф, Күнов
«Екібастұз»: Нарымбаев, Жарынбетов, Червов (Джамаришвили 80), Чифин (Аллаяров 28), Омаров, Сүлейменов (Павленок 68), Әнуарбеков, Айменов, Бралин (к), Жұмкенов, Мырзабаев (Әубәкіров 28)
Резерв: Сотник, Саденко, Головешкин
Төрешілер: Исмуратов (Астана), Виноградов (Петропавл), Гриценко (Қостанай)
Қызылорда. Ғ.Мұратбаев стадионы, 2 500 көрермен.
«Мақтаарал» (ОҚО) – «Байқоңыр» (Қызылорда) 3:0 (2:0)
Голдар: Әбутов 2, Серікжанов 8, Алекперзаде 51.
Ескертулер: Мыңбаев 84 — Балымбетов 13, Төлегенов 53
«Мақтаарал»: Кувшинов, Балтабаев, Рыбалко (Эргашев 46), Қамбил, Әбутов (Орынбеков 46), Аллашүкіров, Ыбыраев (к), Серікжанов (Әліпбеков 46), Мыңбаев, Зверев, Алекперзаде (Ілиясов 67)
Резерв: Хамытбеков, Иманов, Покатилов, Тәжмағамбетов, Шубаев
«Байқоңыр»: Таңатқанов, Рүстемов (Досманбет 77), Ыбыраев, Рахметов, Балымбетов, Аяжан (Жолдасов 62), Сарбай (Кемалұлы 46), Серік, Дүйсембаев (Дастанов 53), Қарабек (к), Төлегенов
Резерв: Салайдин, Қуанышбеков, Ысқақов
Төрешілер: Омаров (Алматы), Навроцкий (Астана), Ходотчук (Павлодар)
Атакент кенті. «Алпамыс Батыр» стадионы, 1 000 көрермен.
«Алтай» (ШҚО) – «Қызыл-Жар» (Петропавл) 1:1 (1:0)
Голдар: Карпович, 2 (1:0). Струков, 90+4 (1:1).
Ойынның 27-минутында Карпович пенальти орындай алмады.
Ескертулер: Құлахметов 78, Жағыппар 80, Ерсәлімов 88, Нұрғалиев 90+4 – Сұлтанов 27, Перцух 87
Қызыл қағаз: Нұрғалиев (ойыннан кейін)
«Алтай»: Котляр, Умашев, Тәңібергенов, Мұқанов (Құлахметов 71), Карпович (к) (Жағыппар 57), Д.Шмидт, Шафф, Шакин (Нұрғалиев 68), Димов, Заречный (Ерсәлімов 65), Колодин
Резерв: Колбунцов, Халелов, Е.Шмидт, Сәкенов, Щеткин
«Қызыл-Жар СК»: Зәкіров, Гунченко, Сұлтанов (Волков 76), Аверченко (к) (Перцух 69), Аитов, Алиев (Бурцев 58), Жанұзақов (Байжанов 55), Сапарғалиев, Ступич, Струков, Видич
Резерв: Калмыков, Попадинец, Седельников
Төрешілер: Кәрлібаев (Орал), Субботин (Ақтөбе), Конивец (Сараң)
Семей. «Спартак» стадионы, 4 000 көрермен.
«Шахтер-Болат» (Қарағанды) – «Қыран» (Шымкент) 1:2 (1:1)
Голдар: Балтабеков, 12-автогол (1:0). Жақсыбек, 25 (1:1), Фильчаков, 76 (1:2).
Ойынның 59-минутында Бернацкий пенальти орындай алмады.
Ескертулер: Бернацкий 78 – Фильчаков 51, Ермырзаев 86.
«Шахтер-Болат»: Ақбұлан, Кәрімов, Жақыпов (Егізбаев 83), Буртовой (Базарнов 46), Жолшорин, Тарасов, Федоров, Наурызбаев, Бернацкий (к), Жүсіпов, Ахмеев
Резерв: Матаев, Алексеев, Лунев, Щербаков, Тимершин, Рақышев
«Қыран»: Сейдахмет, Бөрібай, Жақсыбек (Сүлейменов 62), Жолдасов (к) (Е.Набиев 68), Увалиев, Балтабеков, Ермырзаев (Дуплякин 88), Нохрин, Э.Набиев (Фильчаков 46), Азаматов, Шәмші
Резерв: Қаленов, Аймырзаев, Аметов, Ахымбеков, Миллер
Төрешілер: Сариев (Орал), Кольев (Павлодар), Мыңбаев (Қаратау)
Теміртау. «Металлург» стадионы, 500 көрермен.