Вернуться к списку статей

Нұрғалиев “Ақжайықтың” қақпасының торын жыртты

Футбол
2K
Азат Нұрғалиев
Қазақстан премьер-лигасының ХХ-туры жұма күні басталып, «Астана» Оралда «Ақжайықты» ойсырата жеңді.

«Астана» жазғы трансфер кезінде құрамына алған ойыншыларының бәрін Оралда алаңға шығарды. Сол ойыншыларының бірі «Ақжайықтың» қақпасына әдемі екі гол соқты.

Атап айтқанда, Азат Нұрғалиев осы ойындағы ең бірінші және ең соңғы голдарды соқты. Тіпті ойынның екінші минутында есеп ашып, «Ақжайықтың» қақпасына теңбіл допты доғаша иіп, дөп түсіріп қана қоймай, Атоян атындағы стадионның қақпасының торын да тесіп жіберді.

Негізі, Азаттың соққысы сондай пәрменді болмаған еді, әйтсе де Оралдағы стадионның торы жыртылып кетті...

Осы ойынға дейінгі өткізген матчтарының жартысынан көбісінде бір голды әзер соғып жүрген «Астана» Оралда ойнақ салды. Биылғы маусымда алғаш рет бір ойында бес гол соқты.

Бұл матч Чемпиондар лигасының биылғы маусымын 13 шілде күні Вильнюсте бастағалы отырған «Астананың» Литва сапары алдындағы соңғы ойыны болатын. Елордалықтар Еурокубок қарсаңындағы “емтиханды” өте жақсы “бағаға” тапсырды деуге болады.

Қалай десек те, Оралдағы ірі жеңіс, қақпа торының жыртылуы – бәрі де жақсылықтың нышаны деп ойлаймыз. Әрі «Астананың» биыл да Чемпиондар лигасында ел намысын абыроймен қорғауларына тілектеспіз. Сыралғы Станимир Стойлов командасын Еурокубок додасы қарсаңында спорттық бабына келтірген де болар. Бәрін алдағы ойындар көрсетеді, бәріне уақыт – төреші.   

«Ақжайық» – «Астана» – 1:5

Голдар: Нұрғалиев, 2 (0:1). Говедарица, 20 (1:1). Кабананга, 22 (1:2). Тағыберген, 44 (1:3). Мұжықов, 64 (1:4). Нұрғалиев, 90+1 (1:5).

«Ақжайық: Қалменов, Әбдірахманов, Николич, Колуния, Левин, Говедарица, Омаров (Шевцов 46), Сапанов, Ортиз (Шахметов, 69), Дудченко (Валиуллин, 68), Лечич.

Астана: Эрич, Шитов, Малый, Аничич, Шомко, Тағыберген, Максимович, Ибраими (Твумаси, 58), Мұжықов (Бейсебеков, 81), Нұрғалиев, Кабананга (Деспотович 68). 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика