Вернуться к списку статей

“Тобылдың” айдарынан “пенальти” есіп, "Ақтөбенің" шабуылы "үш ұпайынан" түсті

Футбол
1K
Қазақстан премьер-лигасындағы Қостанай мен Ақтөбеде өткен ХІХ-турдың екі ойынында алаң иелері жеңіске жетті.

Бір ойында үш рет пенальти... “Тобыл” жеңді

Қостанайда «Тобыл» мен «Ертіс» арасындағы ойынға қызылық еткен бас төреші Марат Ысқақов қонақтардың қақпасына үш пенальти (!) берді...

Еңгерзедей Шимкович оның біріншісін соғып, екіншісінде қақпашы Лориядан айласын асыра алмады. Осыдан соң, үшінші пенальтиді Асильдаров орындап, Қазақстан чемпионатындағы алғашқы голын соқты.

Бірінші голды «Тобыл» пенальтидің көмегінсіз-ақ таза соққан болатын. Доп ойынға бұрыштан қосылып, әуелеп келген допты Жулпа қақпа торына “қадаған-ды”. Лория зулай ұшқан допты тойтара алмай, қапы қалған.

Обалы нешік, «Ертістің» екі голы да әдемі болды. Әуелі айып соққысы орындалып, әуелеп ұшып келген допты Йирсак асқан ұқыптылықпен қақпа бұрышына тоғытты.

Ал Григалашвили ойынға бұрыштан қосылған допқа ышқына секіріп, бар пәрменімен басымен ұрып, алаң иелерінің қорғаушылары мен қақпашысын сан соқтырып кетті.

Бір қызығы, бұл ойындағы бес голды да легионерлер соқты. Ойын аяқталған соң «Ертістің» бас бапкері Димитар Димитров төрешінің бақандай үш рет пенальти бергенін ауызбен айтып, жеткіза алмай қапаланды.

Сөз соңында айта кетейік, бұл ойында бас төреші алаң иелерінің екі, қонақтардың төрт футболшысына ескерту жасап, сары қағаз көрсетті.

«Тобыл»  «Ертіс» 3:2

Голдар: Жулпа, 18 (1:0). Шимкович, 23-пенальтиден. (2:0), Йирсак, 54 (2:1). Асильдаров, 63-пенальтиден (3:1). Григалашвили, 68 (3:2).

58-минутта Шимкович («Т») пенальти соға алмады.

«Тобол»: Логиновский, Мирошниченко, Кассай, Дмитренко, Гурман (Левин, 79), Главина, Жулпа, Деак, Шимкович, Жұмасқалиев (Хижниченко, 76), Асильдаров (Джалилов, 85),

«Ертіс»: Лория, Есімов, Фрейдгеймас, Керла (Сартаков, 46), Даутов, Йирсак, Фернандес, Гетериев (Алиев, 76), Мұртазаев, Ли (Григалашвили, 63), Джаллоу.


Никитенко қайда, “Ақжайық”?..

«Ақтөбе» де осыдан үш күн бұрын Еуропа лигасы аясында додаға түскен болатын. Бірақ «Қайратпен» және «Ордабасымен» салыстырғанда, олар алғашқы кезеңдегі бірінші ойынын өз алаңында өткізген-ді. Сондықтан олар Еуропаға жол шегіп, шаршаған жоқ.

Әйтсе де, «Ақжайықты» жеңу алаң иелеріне оңайға түскен жоқ. Бірінші таймда гол соға алмай қойған соң, үш шабуылшымен ойнады. Алғы шепте Голубов пен Щеткин тізе қоса қимылдап, бапкерлерін риза қылды. Жалғыз голды ресейлік Бочаров соқты.

«Ақжайық» болса, кеше ғана жеңіске жетіп, өздерін соңғы орынға ығыстырған «Таразды» қуып, жет алмады. Бір қызығы, бұл матчта Орал клубына Владимир Никитенко емес, бас бапкер міндетін атқарушы Артур Авакянц жетекшілік етті.

Авакянцтің сөзіне сенсек, Владимир Никитенко әлі бас бапкер болып бекітілмегендей. Қалай десек те, Талғат Байсуфинов кеткелі екі рет ұтылды.

«Ақтөбе» – «Ақжайық» – 1:0

Гол: Бочаров, 80.

Актобе: Отарбаев, Қайыров, Куаджа, Сорокин, Крюков (Щеткин, 46), Ситдиков, Митошевич, Шестаков, Жалмұқан (Бойчук, 70), Бочаров, Голубов (Цвейба, 82).

Акжайык: Қалменов, Сергиенко, Колуния, Розыбакиев (Омаров, 75), Шевцов (Антипов, 85), Әбдірахманов, Говедарица, Ортиз (Шурыгин, 79), Сапанов, Дудченко, Лечич.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика