Вернуться к списку статей

Бірінші лига: Көшбасшылар жаппай ұпай жоғалтты

Футбол
1K
«Шахтёр-Болат» – «Қызыл-Жар СК» – 2:2. Фото: fckyzyl-zharsk.kz
Футболдан ел чемпионатының бірінші лигасында ХІІ-турдың ойындары өтіп, көшбасшылар түгелдей ұпай жоғалтты.

Бірінші лиганың ХІІ-турындағы ең қызықты ойын Қызылордада өтіп, «Қайсар» мен «Алтай» тең түсті. Тартысты ойында көшбасшы тек пенальтидің көмегімен таразы басын теңестірді.

«Қайсардың» екі ұпай жоғалтып, сүрінгенін өкшесін басқан бәсекелестері пайдалана алмай, бұл турда олар да бір ұпай еншілеумен ғана шектелді. Бұл ретте «Қызыл-Жардың» көш соңындағы теміртаулықтармен ұпай бөліскенін ерекше атап өтуге болады.

«Қызыл-Жар» тіпті ұтылып қала жаздады. Таразы басын ойынның негізгі уақытына қосылған қосымша минуттарда пенальтидің арқасында ғана теңестірді. «Шахтер-Болат» командасының бас бапкері Рафаэль Хамидулов пенальти болғанына күмән келтіретіндей...

Айтпақшы, дәл осы ойында жаңбыр шелектеп, бұршақ жауып, күн күркіреп, бас төреші Е.Жантуғанов ойынды тоқтатып, футболшыларды алаңнан алып кетуге мәжбүр болды. Шамамен 12 минутан кейін матч қайта жалғасып, қонақтар әупіріммен бір ұпай олжалады.

Атакенттегі «Алпамыс батыр» стадионында өткен матчта да тең ойын тіркелді. Бірінші лиганың үшінші және тқртінші орындарында келе жатқан «Мақтаарал» мен «Екібастұз» тіпті бір-бірінің қақпасына гол да соға алмады.

Тек «Каспий» ғана Ақтауда «Қыранды» жеңіп, Шымкент командасымен арадағы ұпай айырмасын мейілінше қысқартып, азулы «Алтайдың» алдын орап кетті. Жалқы голды Кот-д'Ивар қорғаушысы Драмане Коне соқты.

Ал аутсайдерлер кездесуінде «Бәйтерек» Астанада «Байқоңырдан» басым түсіп, биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

«Кайсар»  «Алтай» 1:1
Голдар: Тәңірбергенов, 3 (0:1). Алтынбеков, 75-пенальтиден (1:1).
90+1-минутта Керімжанов («Қайсар») алаңнан қуылды.

«Шахтёр-Болат»  «Қызыл-Жар СК» 2:2
Голдар: Ступич, 2 (0:1). Алекперзаде, 57 (1:1). Васильев, 70 (2:1). Струков, 90+2-пенальтиден (2:2).

«Каспий»  «Кыран» 1:0
Гол: Коне, 5.

«Бәйтерек»  «Байқоңыр» 2:1
Голдар: Мұқанов, 8 (1:0). Рүстемов, 56 (1:1). Гладченко, 59 (2:1).

«Мақтаарал» – «Екібастұз» – 0:0


* «Алтайдың» алты ұпайы шегерілген

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика