Ұлан тезірек жазылып кет!!!
Ойын басында екі команда Ақтөбеде лаңкестер салған қанды қырғында оққа ұшып, қаза тапқандарға бір минуттық үнсіздікпен бас иді. Әрі осы ойында соғылған жалғыз голды Таңат Нөсербаев пен «Астана» клубының ойыншылары құрама сапында ауыр жарақат алып, Қытайда емделіп жатқан Ұлан Қонысбаевқа арнады.
Жалпы, бұл ойында екі команданың ойыншылары да жасыл алаңға «Ұлан тезірек жазылып кет!!!» деген жейдемен шықты.
Әдеттегідей, бұл ойында «Астана» басымдық танытып, көп шабуылдады. Бірақ елордалықтар үшін гол соғу әлі де күрмеуі күрделі мәселе болып тұр. Әйтсе де, алаң иелері бір гол соғып, үш ұпай олжалады.
«Астана» – «Жетісу» – 1:0
Гол: Нөсербаев, 45
65-минутта Бейсебеков («А») алаңнан қуылды (екінші ескерту)
«Астана»: Эрич, Бейсебеков, Логвиненко, Аничич, Постников, Максимович, Каньяс, Мұжықов, Твумаси (Щеткин, 88), Деспотович (Тағыберген 68), Нөсербаев (Гурман, 72).
«Жетісу»: Пасеченко, Әмірсейітов, Кадио, Клайн, Азовский (Калинин, 67), Моисов (Касьянов, 46), Шабаев, Тұрысбек, Джалович, Савич, Симоновски.
“Қайрат” Қарағандыда да көсіле шапты
«Қайрат» тағы да ірі жеңіске қол жеткізді. «Шахтер» қорғанысын Қазақстан жанкүйерлеріне жақсы таныс тасқамал қорғаушысы Василевичпен нығайтса да, алматылықтардың жойқын шабуылына төтеп бере алмады.
Соңғы секундтарға дейін тізгінін тартпайтын қайраттықтар тағы да ойынның негізгі уақытына қосылған минуттарда есепті ұлғайта түсті.
Негізі, қонақтардың екі бірдей орталық қорғаушысы жарақаттанып қалып, құрамын сапырылыстыруға мәжбүр болған. Қорғанысы осалдау сияқты еді. Бірақ кеншілер командасының ойыншылары мұны да пайдалана алмады.
«Шахтер» – «Қайрат» – 0:5
Голдар: Исаэль, 35. Гоу, 47. Дарабаев, 58. Исламхан, 90-пенальтиден. Исламхан, 90+2.
«Шахтер»: Багинский (Шацкий, 67), Скорых, Садовничий, Василевич, Горячий, Пикалкин (Ермеков, 58), Габышев, Сзоке, Финонченко (Зенели, 58), Байжанов, Уббинк.
«Қайрат»: Плотников, Дарабаев, Рудоселський, Лунин, Тесак, Бакаев, Қуат (Дайыров, 82), Аршавин (Ли, 70), Исламхан, Исаэль, Гоу (Тавамба, 87).
“Ордабасы” екпінді “Ертісті” тоқтатты
«Ертіс» Шымкентте басты бәсекелестерінің біріне есе жіберіп алды. Ал өкшесін басқан «Қайрат» үйде де, түзде де қарсыластарын ойсырата жеңіп, қуып жетуге айналды.
Соңғы үш турда жеңілістен көз ашпаған «Ордабасы» болса, бүгін жанкүйерлерін қуантып, Көкше клубына жақындай түсті. Бұл ойында екі голды да Азат Нұрғалиев соқты. Қытай құрамасының қақпасына жалқы допты тоғытқан да осы Азат болатын. Осы бетінен таймаса екен дейміз.
«Ордабасы» – «Ертіс» – 2:0
Голдар: Нұрғалиев, 27. Нұрғалиев, 59-пенальтиден.
«Ордабасы»: Бойченко, Сүйімбаев, Трайкович, Абдулин, Төлебек (Мұхтаров, 78), Чатто, Симчевич, Нұрғалиев, Гогуа, Гейнрих (Тәжімбетов 62), Тұңғышбаев (Адырбеков, 86).
"Ертіс": Лория, Ахметов, Малый, Йирсак, Есімов (Кислицын, 68), Фонсека, Фрейдгеймас, Джаллоу (Фернандес, 51), Гетериев (Алиев, 76), Фаль, Мұртазаев.
Байсуфинов та Қытайдағы жеңістен жігерленіп келгендей...
Тіл-көзіміз тасқа, Қытайдағы мәні зор жеңіс ордабасылық Азат Нұрғалиевті ғана емес, «Ақжайықтың» бас бапкері мен ұлттық құраманың қазіргі жетекшісі Талғат Байсуфиновты да жігерлендіріп жібергендей.
Украина маманы Юрий Максимов «Таразды» қалай қанаттандырып-қатуландырса да, «Ақжайыққа» азуы батпады. Бұл ойында қонақтардың жеті ойыншысы (!) ескерту алды. Алаң иелерінің бір футболшысы алаңнан қуылды.
«Ақжайыққа» жазғы трансфер басында қосылған ойыншылары көп көмектескендей. Ал «Тараз» жаңа футболшыларын ойынға екінші таймда ғана қосты. Дұрыс па, бұрыс па, айта алмаймыз. Тек әйгілі Алиевтің шеберлігі әлі де шау тартпағандығын паш етіп, әдемі гол соғып, есепті қысқартқандығын атап өткіміз келеді.
«Ақжайық» – «Тараз» – 2:1
Голдар: Коронель Ортиз, 16-пенальтиден (1:0). Коронель Ортиз, 54 (2:0). Алиев, 75 (2:1).
90-минутта Лечич («А») алаңнан қуылды (екінші ескерту).
«Ақжайық»: Остоич, Розыбакиев, Николич, Колуния, Сергиенко, Говедарица, Әбдірахманов (Сапанов, 79), Шурыгин (Шевцов 63), Валиуллин, Коронель Ортиз (Хромцов 82), Лечич
«Тараз»: Григоренко, Баялиев, Воротников, Мера, Данилюк, Д.Евстигнеев (Алиев 52), В.Евстигнеев, Таубай, Байтана (Нұралы, 77), Шахметов (Григорьев, 59), Мане.
“Атырау” жеңісін Ұлан мен Алданға арнады
«Атырау» да алаңға «Бекем бол, Ұлан! Біз сенімен біргеміз» деген жейде киіп шықты. Бұл ойында «Атыраудың» жеңілуге де құқы жоқ сияқты еді. Қарсыласы азулы команда болса да, атыраулықтар алыста жабығып жатқан Қонысбаевты қуантты.
«Атырау» сапында қатардан шығып қалған Ұлан Қонысбаев қана емес болатын. Бұл ойында тасқамал қорғаушыларының бірі Алдан Балтаевқа да сенім арта алмады. Ол да жарақаттанып қалған. Осылай, екі бірдей белді ойыншысы жасыл алаңға шыға алмады. Әйтсе де, алаң иелері жеңіске жетіп, жанкүйерлерін риза қылды.
«Атырау» – «Оқжетпес» – 2:1
Голдар: Шабалин, 28 (1:0). Нганбе, 47 (1:1). Трытко, 53 (2:1).
«Атырау»: Нарзикулов, Кузьмин, Мулдаров, Ламанж, Дамчевски (Чуреев, 68), Коробкин, Эссаме, Шабалин (Сапаров 78), Куртеян, Аржанов (Макась, 90+2), Трытко.
«Оқжетпес»: Стаменкович, Чичулин (Куксин 81), Чертов, Чижов, Еоне, Нганбе, Ристович (Волков, 46), Мангуткин, Юрин (Бөлешев, 80), Хайруллин, Молдақараев.
“Тобыл” “Ақтөбені” түзде тізе бүктірді
Бұл ойын да бір минуттық үнсіздікпен басталып, Ақтөбеде лаңкестер салған қанды қырғында мерт болғандарға бас иіп, ізет көрсетілді. Сонымен қатар ұлттық құрама сапында ауыр жарақат алған Ұлан Қонысбаевқа қолдау көрсетілді.
Тетрадзе «Тобылды» түлете ала ма, жоқ па, жөп басу айтуға әлі ертерек сияқты. Әйтсе де, Қостанай командасы түзде басты бәсекелесінен айласын асырып, 6-орынға жақындай түсті.
«Ақтөбе» – «Тобыл» – 0:1
Гол: Яворский 68
«Ақтөбе»: Отарбаев, Сорокин, Цвейба, Ситдиков, Азовский, Крюков, Смақов (Куаджа, 15), Шестаков, Бочаров, Жалмұқан (Тілешев, 69), Жанғылышбай (Әбдукәрімов, 49).
«Тобыл»: Логиновский, Мирошниченко, Кассай, Яворский, Главина, Жулпа, Деак, Мухутдинов, Досмағамбетов (Джалилов, 90+2), Жұмасқалиев (Н’Диайе, 72), Хижниченко, (Дмитренко, 90+2).