"Қайрат" футбол клубы сүйінші сұрап, Илья Артюшенконың "Алтын белгі" иегері атанғанын жариялап, жас талантын ресми сайты арқылы құттықтады.
«Илья білім мен спортты ұштастырып, екеуінен де жоғары жетістікке қол жеткізуге болатынын дәлелді»деп жазады, "Қайрат" футбол клубының ресми сайты.
11 жыл мектеп қабырғасында алған білімінің жоғары екенін дәлелдеп, 125 мүмкіндіктен 119 балл алған Илья футболды да көп-көрім ойнайды. Ол Қазақстан U-18 құрамсы сапында Гранаткин мемориалына қатысып, халықаралық додада ел намысын қорғаған болатын.
Болашағынан үміт күтуге болатын футболшы ҰБТ сынағында қазақ және ағылшын тілдерінен 25 балл, ал орыс тілінен 24, тарихтан 23, математикадан 22 балл еншілепті.
Өзінің 119 балл алғандығын жасыл алаңда жаттығып жүріп естіген. Клуб басшылары мен командаластары оны жапа-тармағай құттықтап, бәрі де қуанып қалыпты. Илья болса, әзірше қандай Жоғары оқу орнына баратынын нақты шешпепті.
– Білімімді қай ЖОО-да жалғастыратынымды әлі білмеймін, бір шешімге тоқталу керек, дәл қазір ел чемпионатының Қызылордада өтетін түздегі кезеңіне дайындалып жатырмын. Клуб басшыларына, ұстаздарыма, жаттықтырушыларым мен «Қайраттың» барлық қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Академияда сапалы білім алып, футболмен де жоғары деңгейде шұғылдануға болады. Барлық жағдай жасалған, – депті қазақ тілінен мүлт кетпеген жас футболшы.